Date of publication: 18.06.2018 10:16
Date of changing: 18.06.2018 10:18

Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында  ішкі конкурс жариялайды (19.06.-21.06.2018 ж қоса есептегенде)

Индекс 041600, Алматы облысы, Талғар қаласы, Т.Бокин  көшесі, 30, анықтама телефоны: (872774) 2-18-50, 2-15-45, факс (8727) 295-63-44, электрондық мекенжайы: Szhanabaeva@taxalmaty.mgd.kz, s.janabaeva@kgd.gov.kz , БСН 900540000065

 

        Құжаттарды қабылдау мерзімі: құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күннен келесі күннен бастап, 3 жұмыс күні ішінде қабылданады, (19.06.-21.06.2018 ж қоса есептегенде).        

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) "«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

       Әңгiмелесу өткiзудiң орны: Талғар қаласы, Т.Бокин көшесі, 30 үй, 3-қабат, 303 кабинет 

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

  Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

C-R-3 санаты үшін: жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.              

        Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;
         Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты   96 607 теңгеден 129 920 теңгеге дейін.      

   

1.  "Мәжбүрлеп өндіру" бөлімінің басшысы, С-R-3  санаты, индекс № 09-1, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Қол астындағы қызметкерлердің жұмысын бақылау және ұйымдастыру. Сот тексерулеріне қатысу, кассациялық және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, Басқарманың талап-арыз жұмысын жүргізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардан, кәсіпорындардан мемлекетке салық қарызын өндіріп алуды қамтамасыз ету жұмысын  бақылау және үйлестіру.Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардан және кәсіпорындар, ұйымдардан салық қарыздарын өндіріп алуды қамтамасыз ету бойынша салық органдары жұмысын үйлестіру. Шешімін таппаған мәселелер туралы салық төлеушілердің өтінішін қарау. Қаржы полициясы органдарына беру үшін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуден әдейі жалтарған істер бойынша материалдарды ресімдеу және қарау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары экономикалық, құқықтық білім.       

                             

2.  "Жеке тұлғалардың  ақпараттарын  қабылдау және өңдеу орталығы" бөлімінің басшысы, С-R-3  санаты, индекс № 09-1, 1 бірлік.

         Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), ҚҚС АЖ (ИС НДС), ЖтбАЖ (ИСИД), ХКЖЖ (СГДС) және СЕЭН (ЭФНО) ақпараттық жүйелерінің көмегімен кәбылдап, өңдеуді қамтамасыз ету.Аудан бойынша салык төлеушілерден салық есептілігі нысандарын қабылдап, салық есептіліктерінен шыққан бұзушылықты жою жөнінде хабарламаны тапсыру жұмысын бақылау. Есеп беру кезеніндегі бөлім мен қызметкерлердің жұмыс қорытындысын шығару.Қабылданған декларациялар мен есеп айырысулар бойынша жиынтық ақпарат құрау;Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша  тиісті сұраулар мен хаттар  дайындап, жауап беру, басшылыққа қол қоюға тапсыру.Салық заңдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары экономикалық, техникалық білім.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

____________________________________

____________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мен__________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

 Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу       қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға     міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

   ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

 

________________                    _________________________________________
             (қолы)                                                   (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.