Date of publication: 06.06.2018 15:56
Date of changing: 06.06.2018 16:18
          Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында салықтық міндеттемелерді орындау үшін заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға мемлекеттік кірістер органдарымен ұсынатын мемлекеттік қызметтердің 48 түрі бойынша стандарттары мен регламенттері бекітілді.
        Барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында қызмет көрсету орталықтары жұмыс жасайды, ол жерде тіркеу және анықтамалық құжаттарды алу үшін әр түрлі салықтық өтінімдерді қабылдау қызметтері көрсетіледі, сонымен бірге,   салық төлеушілерлер кеңес алу үшін модератордың қызметіне жүгуніуіне болады.
 «Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары» орнатылған, онда «Салық төлеушінің кабинеті» қызметімен тегін пайдаланып, сол арқылы салықтық есептерді электронды түрде жіберуге мүмкіндік қарастырылған. 

        Сонымен бірге, Мемлекеттік кірістер Комитетінің web-сайтында:

  • Қосылған құн салығы;
  • Сот шешімімен жалған кәсіпорын боп таңылған;
  • Заңды мекен-жайы бойынша жоқ;
  • Банкротқа ұшыраған;
  • Белсенді емес деп таңылған;
  • Тіркеуі жарамсыз деп таңылған;
  • Салық берешегі бар салықтөлеушілердің тізімін көре алуға   мүмкіндік бар.

        Қолданыстағы заңнама бойынша  түсініктеме алу, сонымен бірге, мемлекеттік   қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментына,   Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі,113 мекен жайы бойынша, немесе:

 - салық сұрақтары бойынша:  8 /728-2/ 24-47-53, 24-05-79;

- кедендік сұрақтар бойынша: 8 /728-2/ 24- 78- 63, 24 -78- 61;

 - экономикалық қылмыстар бойынша:  8-727-251-71-06 (кезек бөлімі);

 - сенім телефоны: 8 /728-2/  24-47-53 телефондарына хабарласуларыңызға болады.