
Қырғызстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім шартқа қосылуы туралы келісім шарт күшіне енуі.
2015 жылдың 21 тамызында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында салық төлеушілерге «Қырғызстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім шартқа қосылуы туралы келісім шарт күшіне енуі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға қырықтан астам кәсіпкер, нарық басшылары, заңды тұлғалардың басшылары мен бухгалтерлері, мемлекеттік кірістер басқармаларының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілілендіру басқармасының басшысы Қ.Есембеков салық төлеушілердің салықтық сауаттылығың арттыру мен ақпараттандыру, салық заңнамасын бұзуға ықтимал ететін бұзушылықтардың алдын-алу үшін осындай шаралар өткізу қажеттілігін айтты.
Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттердің интеграциясының негізгі кезеңдерін мен жағымды мезеттеріңде тоқталды, бұл:
· кедендік ресімдеуге қатысты кедендік баждар мен басқа да алымдардың болмауы;
· Импортшы 1,5 айға дейін ҚҚС төлемің кейіңге қалдыра алады;
· Экспортшы нөлдік ставкасын қолдану құқығына ие болу үшін импортшыдан арыз алуға мүдделі, яғни, тұрақты сыртқыэкономикалық қызмет субъектілерін салық заңнамасын сақтауға ынталандыру үшін жағдай жасалады;
· тауарларды тосқауылсыз кіргізү.
Семинарға қатысушыларды импортталған тауарлар бойынша жанама салықтарды өндіріп алу тәртібімен, тауар импорттауда жанама салық төлеушілердің өзгешілігін анықтау, салық базасын анықтау, импортталған тауарлардың құны, тауар импорттауда ҚҚС есептеу, ҚҚС төлеу мерзімдері, импортталған тауарларға ұсынатын құжаттармен таныстырды.
Тауарды экспорттау кезінде ҚҚС қолдану тәртібі, ҚҚС-ты нөлдік ставкамен қолданылуын дәлелдейтін құжат түрлері және акциз төлеуден босатылуы, тауарды жіберу күні болып табылатының айтты.
Семинар барысында кәсіпкерлердің басқа да өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қырғызстан Республикасынан алып келінген көліктер, ЕАЭО көрсетілген қызметтке салық салу тәртібі, мемлекеттік бақылаудан өткен талондарды ұсыну.