Date of publication: 25.05.2018 17:17
Date of changing: 25.05.2018 18:03

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кедені «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін аталған мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды

 

Индекс 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., a.nazarbaeva@kgd.gov.kz., БСН: 990840000667

Құжаттарды қабылдау мерзімі:3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді.

    Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

    Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Кандидаттармен әңгімелесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мелмелкеттік кірістер департаментінің «Достық» кеденінде әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде, келесі мекен жайда  өтеді: Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық ауылы, Теміржолшылар көшесі, 45-ғимарат, 2-қабат, мәжіліс залы.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушығабағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штаткестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарданемесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшіліклауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатымәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалықмаңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатыныңдепутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

  1. Заң бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ЗБ-03-2, 1 бірлік тұрақты. 

Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау, нормативтік құқықтық актілер жобасының құқықтық сараптамасын жасау, мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерді алып жүру; мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты құқық  қолдану  практикасын жинау және талдау, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамаларын кеденнің қүрылымдық бөлімдеріне түсіндіру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнама мен әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісі шеңберінде шағымдар қарау; мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік және сот практикасын жалпылау, талдау және осы қорытындылау мен талдау бойынша нәтижелерді қалыптастыру; мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасау; кеденнің талап арыз жұмыстарына қатысу. Басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – Құқық. 

  1. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № КБТҚ-11-3, 1-бірлік тұрақты.

Лауазымдық міндеттері: ҚР кедендік шекарасы арқылы өту кезінде барлық тауарлар мен көлік құралдарына және жолаушыларға (қол жүгіне) тұрақты қашықтықтан автоматтандырылған қондырғы көмегімен үнемі радиациялық бақылауды жүзеге асырады және табиғи шамадан асқан гамма-нейтрондық фоны тіркеледі; тасымалданатын құралдар көмегімен иондаушы  сәулеленудің қайнар көзін (табиғи шамадан асқаны анықталған кезде), тауардың, қол жүгі (орны) орауының және көлік құралының (оның бөлігі) деңгейіне дейін шектейді; ұсталған радиоктивті материалдарды белгілінген тәртіп бойынша өкілетті органдарға өткізеді; иондаушы сәулелену көзінің қуаты оның спектралдық мінездемесін өлшеу арқылы теңестіреді; бөлімге түскен іс құжаттарына талдау, өндеу және ұйымдастыру жұмыстарын сондай-ақ, іс-жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады; бөлінетін және радиоактивті материалдарды заңсыз өткізудің анықталған деректері бойынша кеден ережесінің бұзылғаны туралы іс жүргізу, кеден саласындағы контрабанда және басқа да қылмыстар бойынша іс жүргізуге қатысу, анықтау жүргізуге көмек көрсетеді; «Достық» кедені орналасқан жерде радиациялық апат болған кезде көлік ұйымдары өкілдерімен, ҚР ТЖМ, ҚР ДСМ, ҚР АЭМ, ҚР ІІМ өкілдерімен бірлесе отырып, апат орнындағы радиациалық жағдайға бақылау жасайды. Қызметкерлердің жеке сәулелену мөлшерін анықтайды, радиациялық апатты тексереді, оның салдарын жою жұмысын ұйымдастырады; басқа құқық қорғау ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықта мемлекеттік шекарадан бөлінетін және радиоктивтік материалдардын заңсыз өткізілуін болдырмауын алдын-алуға қатысты шараларға  қатысады; тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасын және кеден ережелерін бұзылуын анықтау, ашу және тіркеу мақсатында кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану үшін іс-шаралар жүзеге асырады;

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары:  Экономика,  құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

  1. «Теміржол» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс                           № ТКБ-15-7, ТКБ-15-8, ТКБ-15-28, ТКБ-15-37, 4-бірлік тұрақты.

Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау және кедендік ресімдеу бойынша бағынышты лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңның сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау жүргізу; Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін,сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын, айналаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға,тұтынушыларды шеттен келген тауарлардан қорғауға; штаттық орналастыруға сәйкес кедендік бақылау формаларын орналастыру; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы аясында тауарлардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік декларацияны қолдана отырып кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; Кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; теміржолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; келешектегі және қазіргі жоспарларды жүзеге асыруға қатысуға, кеден бекетінің статистикалық есебін жүргізу; қызметтік құжаттаманың, мөрлердің, штамптардың, дербес нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және теңестірудің басқа да құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; бекеттің құзыры шегінде құқықтық актілерді өңдеу және өңдеуге қатысу; есепке алу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді Комитетке және кеденнің тиісті бөлімшелеріне тапсыру; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу; кедендік бақылау кезінде контрабанда немесе басқа да қылмыс белгілері анықталған жағдайда тез арада кеден бекетінің басшысын хабардар ете отырып, Достық кеденінің басшысының атына құжаттармен рәсімделген түрде рапорт жазу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да штатпен орналастыру.    

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары - Экономика және  құқық, ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары. 

  1. «Алакөл» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс № АКБ-14-16, 1-бірлік тұрақты.

Лауазымдық міндеттері: Халықаралық жолаушылар автобустарда және жеңіл автокөліктерде жолаушылардың қол жүктері мен жол жүктеріне (бірге алып жүрілетін немесе алып жүрілмейтін)  кедендік бақылау және кедендік ресімдеуді жүзеге асыру. Кеден бекетінің кәсіптік даярлық сабақ бойынша және Кеденде жаппай құқықтық оқыту сабақтарын жүргізу. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтар  және басқа да контрабандалық қылмыс белгілері анықталған жағдайда Кеден бекетінің басшысына кідірмей мәлімет ету, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бастапқы шараларын жүргізу. Кедендік бақылау кезінде КБТҚ тиімді пайдалану. Қауіпсіздік техникасының ережелерін  сақтау. Атқарушылық және қызмет тәртібін сақтау. Кеден бекетінің күнделікті, айлық  және  жылдық  есебін әзірлеу. ҚБҚ КААЖ-2 жүйесіне ККО мен ЖКД мәліметтер қорын енгізу. Кеден ісі сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалармен  түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кеденнің басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қорытындыларын дайындауда кеден бекетінің құзыретіндегі мәселелерге қатысуын қамтамасыз ету. Кеден бекетінің құпиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Кеден бекетінің және өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың үндеулерін уақытылы, объективті және жанжақты қарау. Кеден бекетінің құзыреті шегінде Комитеттің, Кеден басшылығының басқа да тапсырыстарын орындайды.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары - Экономика және құқық.   

  1. «Алакөл» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс № АКБ-14-19, 1-бірлік тұрақты.

Лауазымдық міндеттері: ҚР кедендік шекарасы арқылы өту кезінде барлық тауарлар мен көлік құралдарына және жолаушыларға (қол жүгіне) тұрақты қашықтықтан автоматтандырылған қондырғы көмегімен үнемі радиациялық бақылауды жүзеге асырады және табиғи шамадан асқан гамма-нейтрондық фоны тіркеледі; тасымалданатын құралдар көмегімен иондаушы  сәулеленудің қайнар көзін (табиғи шамадан асқаны анықталған кезде), тауардың, қол жүгі (орны) орауының және көлік құралының (оның бөлігі) деңгейіне дейін шектейді; ұсталған радиоактивтік заттарды, радиациялық қауіпсіздік талабына сай көлік ұйымы және аймақтың басқа ұйымының алдын – ала жабдықталған арнайы орнында (темір жол тұйықтары мен алаңдары) уақытша сақталуын қамтамасыз етеді; ұсталған радиоктивті материалдарды белгілінген тәртіп бойынша өкілетті органдарға өткізеді; иондаушы сәулелену көзінің қуаты оның спектралдық мінездемесін өлшеу арқылы теңестіреді; кеден бекетіне түскен іс құжаттарына талдау, өндеу және ұйымдастыру жұмыстарын сондай-ақ, іс-жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады; бөлінетін және радиоктивті материалдарды заңсыз өткізудің анықталған деректері бойынша кеден ережесінің бұзылғаны туралы іс жүргізу, кеден саласындағы контрабанда және басқа да қылмыстар бойынша іс жүргізуге қатысу, анықтау жүргізуге көмек көрсетеді; «Достық» кедені орналасқан жерде радиациялық апат болған кезде көлік ұйымдары өкілдерімен, ҚР ТЖМ, ҚР ДСМ, ҚР АЭМ, ҚР ІІМ өкілдерімен бірлесе отырып, апат орнындағы радиациалық жағдайға бақылау жасайды. Қызметкерлердің жеке сәулелену мөлшерін анықтайды, радиациялық апатты тексереді, оның салдарын жою жұмысын ұйымдастырады; басқа құқық қорғау ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықта мемлекеттік шекарадан бөлінетін және радиоктивтік материалдардын заңсыз өткізілуін болдырмауын алдын-алуға қатысты шараларға  қатысады; тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасын және кеден ережелерін бұзылуын анықтау, ашу және тіркеу мақсатында кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану үшін іс-шаралар жүзеге асырады;

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары - Экономика және құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 
_____________________

_____________________
(мемлекеттік орган)   

                                                          Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

 

___________                               ______________________________
  қолы                                                                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.