Date of publication: 07.08.2015 14:57
Date of changing: 07.08.2015 15:50

МКК WhatsApp ресми нөміріне 730 астам хабарлама түсті

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР МКК баспасөз қызметіне https://kgd.gov.kz сілтене отырып, МКК WhatsApp ресми нөміріне Қазақстанның түрлі қалаларынан  730-дан астам хабарламалар келіп түсті деп хабарлайды.

МКК-ң +77001020202 WhatsApp Ресми нөмірі өз жұмысын 2015 жылдың 11 шілдесінен бастады.

МКК ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов «Азаматтардан WhatsApp  бойынша түскен ақпараттар салық және кеден заңнамасын сақтауға бақылауды арттырады және сонымен қатар республиканың экономикалық қауіпсіздігін нығайтады» - деп атап өтті.

Қосымшаны пайдаланушыларға МКК нөміріне экономикалық құқық бұзушылықтарға қатысты ақпараттарды ғана жолдау ұсынылады, бұл ретте құқық бұзушылықты толық суреттеп, бұзушыны көрсету қажет (кемінде мекеменің/кәсіпкердің атауы және оның орналасқан жері).

https://kgd.gov.kz/kk/news/news/kr-km-mkk-whatsapp-kosymshasy-arkyly-kabyldangan-ekonomikalyk-kukyk-buzushylyktar-turaly-1