2015жылдың 16 шілдесінде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде откен коллегиясында 2015 жылдың бірінші жарты жылдық жұмыстарының қорытындысы шығарылды және екінші жарты жылдыққа жоспарлар белгіленд.
Мемлекеттік бюджеттің салық және кеден төлемдерінің орындалу жоспарымен департамент басшысының м.а. Қ.Исақов таныстырды.
Атап айтқанда, 2015 жылдың жарты жылдығында 115 967 млн. тенге түсті.
Жергілікті бюджет бойынша 58 800 млн. тенге, жоспардан тыс 7 128 млн. тенге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 4 018 млн. тенгеге артық түсті.
Республикалық бюджетке 57 167 млн.теңге түсті.
Сонын ішінде, 12 850 млн.тенге кеден және салық төлемдерінен түсті.
Қосымша қорларды қарастыру жұмыстары нәтижесінде, мемлекеттік бюджетке 2 865,9 млн. теңге түсімі қамтамасыз етілді.
Өткен жылмен салыстырғанда жеке табыс салығы 2 659 млн. теңгеге, ойын бизнес салығы 792 млн. теңгеге, әлеуметтік салық 754 млн.теңгеге, темекі бұйымдарына акциз 576 млн. теңгеге, лицензиялық алым 388 млн. теңгеге, заңды тұлға және жеке кәсіпкерге салынатын мүлік салығы 201 млн. теңгеге, мемлекеттік баж 138 млн. теңгеге артық түсті.
Әрбір АМКБ міндеттерінің орындалуын бағалай отырып, кейбір АМКБ жұмыс нәтижелеріне жақсы баға беріп, жеке аудандардың басшыларына, 2015 жылдың екінші жартыжылдығында көрсеткіштерін жақсарту үшін жұмысты күшейту қажеттілігіне назарын аударды .
Отырысты қорытындай келе, алда тұрған жоспарларға тоқталып, ең басты міндеттеріміз мемлекеттік бюджетті сапалы орындалуын қамтамасыз ету, қосымша резервтерді қарастыру тұрғысынан салық және кеден әкімшілігін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады деді.
Департаменттің кеден инфрақұрылымындағы өзгерістері, түсімдері, сыртқы сауда айналымы, соның ішінде Алматы облысының сыртқы сауда айналымының импорты мен экспорты, елдерге қатысты тауар құрылымы туралы басшының орынбасары Э.Төлеубаев айтып өтті, сонымен қатар 2015жылдың екіңші жарты жылдықта атқарылатын жұмыстарға назар аударды.
«Қорғас» ШМЫХО атқарылған жумыстары туралы басшысы M.Базаров баяндады. Жұмысымыздың бағытының бірі болып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың алып өткен тауарларына бақылауды жетілдіру.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында кедендік бекеттерінде «Кеден одағы кеден шекарасынан өтетің жеке тұлғаларға жаднама» ақпараттық стендтарында орналастырылды, билборд орнатылды, және осы тақырапта бейне түсірілім түсірілді.
Сонымен қатар, Департамент құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының баяндамалары тындалды.