Date of publication: 16.01.2018 11:47
Date of changing: 16.01.2018 11:48

2017 қаржы  жылы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен сәтті аяқталды. Мемлекеттік бюджетке түсетін кірістердің жоспары артығымен орындалып 104,7 пайызды құрады, жоспар 304,4 млрд. теңге болса, нақты  318,6 млрд. теңге түсті. Өсу қарқыны 120,4 пайызға жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 54,0 млрд.теңгеге артығымен өндірілді (2016 жылы  264,6 млрд.теңге түскен).  

Шағын және орта кәсіпкерліктерінен түсетін түсімдердің серпінді өсімі байқалады, егер 2016 жылы жалпы бюджет түсіміндегі  үлесі 37,7 пайызды құраса, 2017 жылы  5,3 пайызға ұлғайып  74,7 млрд. теңгеңі құрады (2016 жылы- 52,7 млрд. теңге), бұл облыс экономикасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты өсуіне байланысты, сонымен бірге өңірдің экономикалық дамуына оң әсерін тигізуде.

Жалпы түсімдер жоспарының орындалуы бұл әкімшілендіруді жақсарту арқылы қолданған жүйелі шаралар, кәсіпкерлікті дамуына қолайлы жағдай туғызуымен  және бақылау  теңгерімің қажетті деңгейің қамтамасыз ету, сонымен қатар бизнес – құрылым қызметіне мемлекеттік органдар тарапынан болатын әкімшілік тетіктерді төмендету нәтижесі. 

         Қолданыстағы жүйе мен автоматтандырылған салықтық бақылау нысандары жаппай әкімшілендіруді қамтамассыз етуде, сонымен бірге салықтық және кедендік бақылау нәтижесінде жыл басынан мемлекеттік бюджетке 17 405,7 млн. теңге қосымша түсім өндірілді, бүл  өткен жылмен салыстырғанда 4 934,4 млн. теңгеге немесе 39,6 % артығымен  қамтамасыз етілді.

Аталған жоғары көрсеткіштер департаментімен, оның аймақтық аудандық бөлімшелерімен және  кедендік бекеттерінің үйлесімді, әрі нысаналы жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді .

Алматы облысы бойынша  Мемлекеттік кіріс департаменті келешекте бүкіл күш жігерін  еліміздің  экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнеске қолдау жасауға, сондай-ақ, сыртқы экономикалық саясаттың дамуына, транзиттік мүмкіндіктерін  арттыруына  және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.