Date of publication: 20.12.2017 12:02
Date of changing: 20.12.2017 12:06

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кедені «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды (21.12.2017-25.12.2017 қоса есептегенде)

 

040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz., a.nazarbaeva@kgd.gov.kz., БСН: 990840000667

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан  кешіктірілмей береді.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушығабағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штаткестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарданемесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшіліклауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттіклауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатымәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалықмаңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатыныңдепутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойыншаоқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

 

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

 

  1. Мемлекеттік құпиялар қорғау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс №МҚҚБ-13-2, 1 бірлік .

Лауазымдық міндеттері: Құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуде құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; құпиялық іс жүргізу, Кеден қызметкерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеу үшін материалдарды дайындау; мемлекеттік құпиялардың техникалық қорғалуын ұйымдастыру; құпиялық жұмыстар мен құжаттарға рұқсат берілген Кеден қызметкерлерімен нұсаулық жүргізу.

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Жоғары: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

 

  1. «Теміржол» кеден бекетінің бас маман, С-О-5 санаты, индекс №ТКБ-15-32,1-бірлік .

Лауазымдық міндеттері: Кедендік бақылау және кедендік ресімдеу бойынша бағынышты лауазымды тұлғаларының өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңның сақталуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету және бақылау жүргізу; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігін,сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығын, айналаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға,тұтынушыларды шеттен келген тауарлардан қорғауға; штаттық орналастыруға сәйкес кедендік бақылау формаларын орналастыру; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы аясында тауарлардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; егер кедендік декларацияны қолдана отырып кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; Кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; теміржолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өзара әрекеттесу; келешектегі және қазіргі жоспарларды жүзеге асыруға қатысуға, кеден бекетінің статистикалық есебін жүргізу; қызметтік құжаттаманың, мөрлердің, штамптардың, дербес нөмірлік мөрлердің, пломбираторлардың және теңестірудің басқа да құралдарының толық сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; бекеттің құзыры шегінде құқықтық актілерді өңдеу және өңдеуге қатысу; есепке алу және бақылау үшін қажетті мәліметтерді Комитетке және кеденнің тиісті бөлімшелеріне тапсыру; кеден ісі саласында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу; кедендік бақылау кезінде контрабанда немесе басқа да қылмыс белгілері анықталған жағдайда тез арада кеден бекетінің басшысын хабардар ете отырып, Достық кеденінің басшысының атына құжаттармен рәсімделген түрде рапорт жазу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да штатпен орналастыру.    

Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 
_____________________

_____________________
(мемлекеттік орган)   

                                                        

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
          Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

          Қоса берілген құжаттар:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
__________________________________________________________________

 

 

___________                               ______________________________
  қолы                                                                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.