Date of publication: 05.12.2017 12:05
Date of changing: 05.12.2017 12:07

Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен көлік құралы салығынан қарызы бар жеке тұлғалардан қарыздарды өндіруге нақты іс-шаралар атқарылуда.

         Берешек сомаларды өндіру мақсатында Панфилов ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасымен аудандық сотқа 2526 қарызы бар жеке тұлғадан көлік құралы салығын мәжбүрлеп өндіру үшін сот бұйрығын шығаруға арыз берілді. 1920 іс-құжаттары жеке сот орындаушысына сот бұйрығын орындату үшін жолданылды.

      Жеке сот орындаушысымен 217 борышкерлердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды, 23 жеке тұлғалардың қарыздарын жалақысынан ұстау үшін жұмыс орындарына жолданды, 412 жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға тыйым салынды.

         Сонымен қатар, жеке тұлғалардың жүргізуші куәліктеріне тыйым салу мәселесі көтерілуде.

         Қарыздарды өндіру мақсатында жеке сот орындаушысы Б.Н. Нұрбековтің қатысуымен рейдтер жүргізілуде. Кезекті рейд кезінде көлік құралынан қарызы бар жеке тұлға А.Н.Ибрагимовтің атында маркасы УАЗ 31519 автокөлігі тіркелгені анықталып, дереу мемлекет пайдасына сатуға шығару үшін автокөлікті қарау актісі толтырылып, мөрлеу жүргізілді.

     Алдағы уақытта қолданыстағы заң аясында жоғарыда көрсетілген мәжбүрлеп өндіру шаралары толық қамтамасыз етіліп, жалғасын табуы басты назарда.

         Ойламаған жерден шет мемлекетке шыға алмай қалу жағдайларын, жеке сот орындаушысы тарапынан келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін көлік құралы салығын толық әрі уақытылы төлеулеріңізді сұраймыз.

     Берешек соманың бар/жоқтығын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің www.kgd.gov.kz   ресми сайтында  «Электрондық сервистер/Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер»  тарауында және  www.egov.kz  «электронды Үкімет» порталының   «Салықтар және қаржылар»   тарауында  «Салық берешегін қарау және төлеу» сервисінде қарауға болады.

         Сонымен қатар, көлік құралы салығының қарызын Панфилов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан білуге болады, мекен-жайымыз Жаркент қаласы, Масанчи көшесі, 17А.