Date of publication: 02.07.2015 15:00
Date of changing: 02.07.2015 15:02

Хабарландыру

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылғы 7 шілдесінен бастап «Салық төлемдері» категориясы бойынша  бюджетке төлемдерді төлеу кезінде сіздерден Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №403 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 420 бұйрығын басшылыққа алу керек екенін жеткізеді.

Айтылған бұйрық Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің https://kgd.gov.kz сайтында Басты бет - ҚР заңнамасы - Нормативтік құқықтық актілер - Бұйрықтар - 2014 жылғы бұйрықтар бөлімінде орналастырылған.

03.07.2015 ж. күнінен 07.07.2015 ж. күніне дейін Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдер сыныптамасының  1 «Салықтық түсірімдер» санаттарын оңтайландыру (қысқарту) жұмыстары өтеді.

Осыған байланысты, айтылған кезеңде «Орталықтандырылған сәйкестендірілген дербес шоттар» АЖ сервері өшіріледі және есеп нысандары бойынша сервисі (жеке шоттан көшірмесі, берешегінің жоқ (бар) екендігi туралы мәліметтеме, дербес шоттың қарау, артық (қате) төленген соммаларың есепке жатқызуға және қайтаруға өткізуге) қызметтен тыс болатынын жеткізеді.

Қажеттілік болса, жоғары айтылған құжаттарды «Салық төлеушілер кабинеті» Порталы арқылы 02.07.2015 жылғы күніне дейін алуға болады.

Сонымен қатар, 30.06.2015 жылғы күнінен жіберілген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу, жоғары аталынған жұмыстардан кейін, яғни 07.07.2015 жылғы күнінен кейін есеп шоттарда көрсетіледі.