Date of publication: 18.06.2015 15:09
Date of changing: 18.06.2015 15:12

«Салықтық және кедендік тексерудің сотқа дейінгі шағымы» тақырыбында бейнесеминар өткізілді

 

2015 жылдың 11 маусымында ҚР ҚМ СК апелляция басқармасының басшысы Ережепова Л.Р «Салықтық және кедендік тексерудің сотқа дейінгі шағымы» тақырыбында бейнесеминар өткізді.

Бейнесеминарға Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Қ.Исақов, бөлім басшылары, аумақтық МКД басшыларының орынбасарлары қатысты. Сонымен қатар, осы шараға Алматы облысының салық төлеушілері шақырылды.

Бейнесеминар барысында, баяндамашы салық төлеушілер кедендік және салықтық нормаларын қолдануда жіберген қателіктері мен шағымды қарау кезінде анықталған қателіктерге көніл бөлді және де кедендік тексерудегі шағымның негізгі сұрақтарын баяндай отырып, шағымдану тәртібі туралы айтты.

Сонымен қатар, шағым беруді жеңілдету мақсатында, шағым үлгісі, нормативтік құжаттар, салық төлеушінің жаднамасы (ішкі экономика қызметінің қатысушысы, салық агенті) кедендік тексеру немесе салықтық нәтижеге шағымның қарастырылуы, қызметтік тұлғалардың бейнеконференциясындағы кездесуі ҚМ МКД сайтында орналасқанын айтып өтті.

2015 жылдың өтілген кезеңінде салық төлеушілердің берген шағымдары бойынша 10 бейнеконференция байланыс сеансы өткізіліп, оның ішінде 3 кедендік және 7 салықтық тексерулердің қорытындысы екенін айтты.

Бұның барлығы ішкі экономика қызметінің қатысушылары мен салық төлеушілерге қолайлы жағдай тұғызу жұмыстары төңірегінде жүргізіліп жатқаның ескертті.

Баяндаманың соңында баяндамашыға бейнесеминар тақырыбына байланысты сұрақтар қойылды.

Алматы облысынан «Бизнес Брок» ЖШС кедендік декларациялау маманы Ж.Бұржақова сұрақ қойды:

Біздің компания кедендік өкіл болып табылады, Қазақстан Республикасы аймағында декларант атынан және тапсырысымен  кедендік операциялар қызметін көрсетеді. Бізге белгілі жағдайларда, кеден органымен тұлғаға кедендік төлемдер, салық  және төлемақы өсімі туралы қарызын төлеу туралы қойылған хабарламасына кедендік декларациялау өкілімен кедендік декларациясын толтыру қызметі көрсетілген, алайда ұқсас хабарлмамалар  кедендік өкіліне де жіберілген. Осыған орай, кедендік өкілдерінен бірлескен жауапкершілік сұрақтары бойынша шағымдар болды ма және де қандай шара қолданылды?

Жауап: Ия, болды. Сұрауыңыздың жауабы ҚР Кедендік кодексінің 30,159 баптарында толығымен қарастырылған.