- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 17.10.2017 18:20
Date of changing: 17.10.2017 18:22
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік кірістер органдарының жедел – тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1.Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасы криминалистикалық бөлімінің бас маман- аға тергеушісі C-GDO-5 (2 бірлік).
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: «сарапшы- криминалист» мамандығы бойынша жоғары оқу орнының дипломы немесе жоғары экономикалық/ заңгерлік/филологиялық/құрылыстық/техникалық мамандығы бойынша білімі және сонымен бірге келесідей өндіріс бойынша біліктілік куәлігі болуы керек:
1-Құрылыстық зерттеу (сарапшылық құрылыстық- тауармамандылық зерттеу, сарапшылық ғимараттар мен құрылыстарға құрылыстық-экономикалық зерттеу, сарапшылық ғимараттар мен құрылыстарға құрылыстық-техникалық зерттеу).
2-экономикалық зерттеу (шаруашылық операцияларға сарапшылық зерттеу, сарапшылық бухгалтерлік зерттеу, сарапшылық қаржылық-несиелік зерттеу, сарапшылық қаржылық-бюджеттік зерттеу)
3-қойылған қол мен жазуға сарапшылық зерттеу, құжаттарды техникалық зерттеу
4-компьютерлік технологиялар құралдарына зерттеу.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Құқыққорғау, арнайы мемлекеттік мекемелерде немесе әскери қызметтегі еңбек өтілі екі жылдан кем болмауы, немесе мемлекеттік органдардағы еңбек өтілі төрт жылдан кем болмауы, дәл осы категория бойынша функционалдық бағыттарға сай болатын жұмыс аумағындағы еңбек өтілі бес жылдан кем болмауы тиіс.
2.Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маман-офицері (кинолог) C-GDO-6 (1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Экономикалық қызмет ортасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды өңдеу және шаралар қолдану, экономикалық қылмыстар алдын-алу бойынша шараларға ұйымдастыру және қатысу, мемлекеттік органдармен, өкіметтік емес органдармен, бизнес құрылымдармен Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі бойынша туындаған сурақтар бойынша әрекеттесу жүргізу.
Білім деңгейі мен мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білімі білімі және «кинолог» біліктілік куәлігі болуы керек.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдысының болуы.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қазақстан Республикасының Қылмыстық - процесуалдық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңдарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу. Полиграфологиялық зерттеу және жеке басының құзыреті бойынша тестілеуден міндетті түрде өту қажет.
Конкурсты өткізу ережесі және құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»2014 жылғы 17 қарашадағы №498 бұйрығымен бекітілген .
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2017 жылдың қазанның 13-нен 26-ын қоса есептегенде, 10 жұмыс күні ішінде.
Құжаттар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасында қағаз жүзінде қабылданады, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282) 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: www.taxalmaty.kz, Gbeisekbai@taxalmaty.mgd.kz, b.belgibaeva@kgd.gov.kz, dgd.almatinskaya@kgd.gov.kz. kgd.gov.kz.
Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы құжат тапсырған азаматтар құжаттардың түпнұсқасын тестілеу өтуге бір жұмыс күні қалғанға дейін ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар саны
- нысандағы өтініш;
- нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ
(нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;
4) бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесiн;
5) әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесi;
6) өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);
7) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен және басылып шығарылған жазылған өмірбаян;
8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесi;
9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;
10) үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;
11) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
12) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың көшірмелерін қабылдау кезінде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиямен оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттар-дың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы бере алады.
Конкурс кезеңдері туралы мәлімет Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жалпыға көрінетін жерде ақпараттық стендтерінде, сондай-ақ, интернет-ресурста да орналастырылатын болады.
Приложение 3 к Правилам отбора и осуществления предварительного изучения кандидатов, принимаемых на службу (учебу) в оперативно-следственные подразделения органов государственных доходов (служба экономических расследований) |
Форма
|
|
|
Ө М І Р Б А Я Н А В Т О Б И О Г Р А Ф И Я |
||
Өз қолымен еркін толтырылады, алайда төмендегідей деректер міндетті түрде көрсетілуге тиіс: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және туған жері; қай кезден, қандай қызметте, қай жерде жұмыс істеді; қашан жұмыс істей бастады, жұмыстан босау, ауысу себебі; Қарулы Күштер қатарына қызмет етуге қашан шақырылды, қайда және қандай қызмет атқарды; әкесінің, шешесінің, жұбайының (ерінің), туған әпке-қарындастарының (сіңілілерінің), бауырларының және балаларының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні. Өзі, жұбайы (ері) және жақын туыстары қылмыстық жауапқа тартылған ба (қашан, не үшін). Пишется собственноручно в произвольной форме, но с обязательным указанием следующих сведений: фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата и место рождения; с какого времени начал работать, кем, где, когда где работал(а), причины перехода; когда и кем призывался на службу в Вооруженные Силы, где и в качестве кого проходил службу; фамилия, имя, отчество (при его наличии), дата, месяц и год рождения родителей, жены (мужа), детей, близких родственников; привлекались ли Вы, Ваша жена (муж) и родственники к уголовной ответственности (когда, за что). |
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
«_____»____________________20_____ж./ г. (толтырылған дата) (дата заполнения) |
Өзінің қолы ________________________________ Подпись |
|