- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 12.10.2017 16:18
Date of changing: 12.10.2017 16:26
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Достық» кеденінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдарының арасындағы ішкі конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, құжаттар 13.10.2017 ж-17.10.2017 ж аралығында қабылданады
Қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Конкурс өтетін мекен-жайы: 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, тел./факс: (872833) 32037, электрондық пошта: b.bilisbekov@kgd.gov.kz, ink.omerzakova@kgd.gov.kz БСН: 990840000667.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.
С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
Жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы,
аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға
бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде
мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы
лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3
санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат
кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-
6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда
немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет
өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен
емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А»
корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік
лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты
мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық
маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының
депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі
бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі
құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының
лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының
тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының
немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары
бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру
ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу
орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша
оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
С-О-5 |
83282 |
112431 |
- Заң бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, индекс № ЗБ-03-2, 1 бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді кодификациялау, нормативтік құқықтық актілер жобасының құқықтық сараптамасын жасау, мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінде, Қазақстан Республикасы Парламентінде әзірленген нормативтік құқықтық актілерді алып жүру; мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты құқық қолдану практикасын жинау және талдау, Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге заңнамаларын кеденнің қүрылымдық бөлімдеріне түсіндіру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы заңнама мен әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісі шеңберінде шағымдар қарау; мемлекеттік кірістер органдарында әкімшілік және сот практикасын жалпылау, талдау және осы қорытындылау мен талдау бойынша нәтижелерді қалыптастыру; мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен, оның ішінде құқық қорғау органдармен өзара іс-қимыл жасау; кеденнің талап арыз жұмыстарына қатысу. Басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес.
- Талдау, тәуекелдер және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТТжМҚКБ -05-2, 1-бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша талдау және есептік мәліметтерді жинап, қорытындылайды; кеден басшылығына бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдау жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстар ұсынады; талдау жұмыстың қорытындылары бойынша тәуекел жобаларын бекітуді қарастырады және әзірлейді; тәуекел жобасын әзірлеу мақсатында кеден ісі саласында құқықбұзушылықтар туралы ақпаратты жинап, талдап, қорытады; бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелді басқару жүйесін құру қағидасымен айқындау; тәуекелдерді басқару ақпараттық жүйесінің техникалық және функционладық талаптарын әзірлеуге ұсыныс енгізеді; кедендік іс саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін әзірлеуге қатысады; кедендік іс саласында ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауға қатысады; кедендік іс саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар.
- Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТЖББ-12-4, 1-бірлік тұрақты.
Лауазымдық міндеттері: «ҚР ҚМ КБК ЖБО кедендік транзиттік жүйесін» қолдану, ТЖБАЖ-да кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау; жеткізілмеген тауарларды іздестіру; кедендік төлемдерді, салықтардытөлеуді қамтамасыз ету сертификаттарын тіркеу, беру және өтеу; тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды және уақытша сақтау мерзімдерін бақылау, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттарды тіркеу; уақытша сақтау орындарында электронды пломбаларды алу; ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, жүктерді халықаралық тасымалдау жөніндегі 1975 жылғы Кеден конвенциясына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру, ХЖТ кітапшаларын ашу және жабу, келгені туралы куәліктер беру, Safe TIR жүйесін пайдалана отырып, ХЖТ кітапшаларын жабу туралы ақпарат беру, тасымалдаушыларға ХЖТ рәсіміне рұқсат беру; тауарларды әкетуді (экспорт, кері экспорт) көздейтін кедендік рәсімдермен орналастырылған тауарлардың іс жүзінде әкетілуін бақылау; СЭҚ-қа қатысушыларға іс жүзінде әкету туралы белгілері бар тауарларға арналған декларацияларды беру, салық органдарына тауарлардың іс жүзінде әкетілуі туралы ақпаратты жіберу; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүруді ұйымдастыру; кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдануды бақылау.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
- Кедендік бақылаудың техникалық құралдары бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № КБТҚ-13-3, 1-бірлік уақытша, 2019 жылдың 14 маусымына дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде.
Лауазымдық міндеттері: ҚР кедендік шекарасы арқылы өту кезінде барлық тауарлар мен көлік құралдарына және жолаушыларға (қол жүгіне) тұрақты қашықтықтан автоматтандырылған қондырғы көмегімен үнемі радиациялық бақылауды жүзеге асырады және табиғи шамадан асқан гамма-нейтрондық фоны тіркеледі; тасымалданатын құралдар көмегімен иондаушы сәулеленудің қайнар көзін (табиғи шамадан асқаны анықталған кезде), тауардың, қол жүгі (орны) орауының және көлік құралының (оның бөлігі) деңгейіне дейін шектейді; ұсталған радиоктивті материалдарды белгілінген тәртіп бойынша өкілетті органдарға өткізеді; иондаушы сәулелену көзінің қуаты оның спектралдық мінездемесін өлшеу арқылы теңестіреді; бөлімге түскен іс құжаттарына талдау, өндеу және ұйымдастыру жұмыстарын сондай-ақ, іс-жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады; бөлінетін және радиоактивті материалдарды заңсыз өткізудің анықталған деректері бойынша кеден ережесінің бұзылғаны туралы іс жүргізу, кеден саласындағы контрабанда және басқа да қылмыстар бойынша іс жүргізуге қатысу, анықтау жүргізуге көмек көрсетеді; «Достық» кедені орналасқан жерде радиациялық апат болған кезде көлік ұйымдары өкілдерімен, ҚР ТЖМ, ҚР ДСМ, ҚР АЭМ, ҚР ІІМ өкілдерімен бірлесе отырып, апат орнындағы радиациалық жағдайға бақылау жасайды. Қызметкерлердің жеке сәулелену мөлшерін анықтайды, радиациялық апатты тексереді, оның салдарын жою жұмысын ұйымдастырады; басқа құқық қорғау ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықта мемлекеттік шекарадан бөлінетін және радиоктивтік материалдардын заңсыз өткізілуін болдырмауын алдын-алуға қатысты шараларға қатысады; тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасын және кеден ережелерін бұзылуын анықтау, ашу және тіркеу мақсатында кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану үшін іс-шаралар жүзеге асырады.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
- Тауар номенклатурасы және кедендік құн бөлімі бас маман, С-О-5 санаты, индекс № ТНжКҚБ-14-2, 1-бірлік уақытша, 2019 жылдың 12 қазанына дейін, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде.
Лауазымдық міндеттері: Тауарлардың кедендік құн деңгейін бақылау, тауарларды дұрыс жіктеу, тауарлардың шығарылған елін айқындау және кедендік баж ставкаларының деңгейін қолдану, жеңілдіктер мен тарифтік преференцияларды ұсынудың заңдылығы бөлігінде тауарлардың кедендік декларациялауын мониторингтеу, Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгізілуін қамтамасыз ету; бекітілген болжам тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету; кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс төленуін бақылауды жүзеге асыру; Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсім пұлдың түсуін есепке алады; кедендік төлемдерді, салықтарды және өсім пұлды төлеу бойынша жеке шоттардың жүргізілуін бақылау; төлем карточкалары арқылы төленген кедендік төлемдердің, салықтардың және өсім пұлдың түсуін бақылау; ақшаны уақытша орналастыру шоттарында және кедендік баждардың, салықтардың және өсім пұлдардың төленуін қамтамасыз етудің өзге де шараларын есепке алу және бақылау; кедендік төлемдер, салықтар және өсім пұл бойынша берешек сомасының төленуін, өтелуін және өндіріп алынуын есепке алу және бақылау; кеден ісі саласында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу; кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен көзделген мемлекеттік органдарға есептік деректерді және басқа да құжаттарды дайындау.
Білімі, жұмыс тәжірибесі, талаптар: Білімі жоғары – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
____________________________
_____________________________
____________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.