Date of publication: 10.06.2015 12:37
Date of changing: 10.06.2015 16:15

«Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» акция бойынша жеңімпазды іріктеу қорытындысы.

 

            Алматы облысы МКД 2015 жылдың 9 маусымында «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының екінші іріктеу қорытындысы бойынша  жеңімпазды анықтады.

           Акцияның бірінші кезеңінде 16 ауданынан және Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларынан 19 жеңімпаздар қатысты.    

           Комиссия мүшелерінің қатысуымен, ұтыс барабанына 19 ұтыс купоны салынды.

             Ұтыс барабанынан алынған  № 001060 ұтыс купонының иегері, Кербұлақ ауданының тұрғыны Шукебаев Мұхтар Мұхатайұлы жеңіске жетіп, негізгі сыйлық LED-теледидарын ұтып алды.

             Келесі ұтыс № 002420 купонының иегері Панфилов ауданының тұрғыны Маминова Әсия Тұрғанқызы қысқатолқынды пешті ұтып алды.

             Қаскелен ауданының тұрғыны Азымбаева Сакдиана Нұрланқызы № 001838 ұтыс купонымен республикалық деңгейде, акцияның үшінші кезеңіңде өтетін ұтыс ойынына қатысуға ие болды.