Date of publication: 11.08.2017 19:08
Date of changing: 11.08.2017 19:09

Кәсіби мереке қарсаңында Департамент өз қызметкерлерінің арасында мини-футбол турнирын өткізді

 

Міне, екі жыл қатарынан, кәсіби мереке қарсаңында Департамент өз қызметкерлерінің арасында мини-футбол турнирын өткізуде.

Биылғы турнирге 9 команда қатысты, бұл аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының, салық, кеден, экономикалық тергеу қызметінің командалары. 

Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Алтынкөл» кеден бекетінің командасы ұтып алды, екінші, ұшінші орынды «Достык» бекеті мен Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің командалары иеленді.  

Үздік бомдардир атағына «Достық» бекетінің қызметкері Қойшыбаев Бағлан, үздік қақпашы «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкері Ахметов Қаныш және үздік ойыншы болып Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының орынбасары Сеитов Анарбек Асибайұлы ие болды.