
Көлік сақтандыру
Көлік сақтандыру – бүкіл әлемдегі сақтандырудың ең көп тараған түрі, Міндетті көліктік сақтандыру, Автокаска, Көлік иесінің АҚЖ және т.б. көлік сүйгіштердің өзінше атаудың сан алуан түрлері мен нұсқалары бар.
Сақтандыру жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін заңды қорғау жөніндегі қатынастардың жиынтығын білдіреді, сақтандыру жағдайы туғанда немесе өзге оқиға орын алған жағдайда сақтандыру шартымен айқындалған сақтандыру ұйымының активтері есебінен сақтандыру төлемі жүргізіледі.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың шарттары мен мазмұны Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңнамасымен айқындалады.
Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтанушыға сақтандырушы сақтандыру полисін беру жолы арқылы, жазбаша түрде жасалады.
Қазақстан Республикасының «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 6 бабы
3-тармағына сәйкес, көлік құралдары иелерінің сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 612 бабының 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарының көлiк құралдары иелерiнде азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру полисi болмағаны жағдайда оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша құзыреті қарастырылған. Осы әкімшілік құқық бұзушылық:
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соқтырады.