Date of publication: 31.07.2017 11:09
Date of changing: 31.07.2017 11:16

«Қорғас» ШМЫХО АҚ аумағында астыртын ойынхананың жұмысы анықталды

 

2017 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағында астыртын ойынхананың жұмысы анықталды.

Жедел іздестіру шаралары барысында Алматы облысы Панфилов ауданындағы ШМЫХО «Қорғас» аумғында екі қабатты халықаралық телефон станциясының ғимаратында, аранайы заңсыз ойын бизнесінің құралдарымен жабдықталған ойын залы анықталған болатын. Тексеріс барысында, ойынхананың ішінен, арнайы «Бакара» қытай покер ойынына арналған 9 үстел, 31 жүйелік блоктар, оның ішінде бейнебақылауға арналған 22 жүйелік блок, 1000 данадан аса ойын фишкалары, 100 дана ойын карталары, қолма-қол ақшаны санауға арналған 2 аппарат және 3 POS-терминалдары мен фискалды чектер анықталып тәркіленген болатын.

Сондай-ақ, астыртын ойынхананың клиенттерін қабылдау жүйесі жүйеленген арнайы жолмен жүзеге асырып, ойынхананың ішіне тек тексерілген сенімді клиенттерді кіргізіп отырған. Ол үшін ойынхананың ішінде және сыртқы жақтарына бейне-бақылау камераларын орнатқан.

Қазіргі таңда, аталған факті бойынша Алматы облысы МКД Экономикалық тергеу қызметімен ҚР Қылмыстық кодексінің 307 бабы 1-ші бөлігі бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Алматы облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер Департаментінің

Экономикалық тергеу қызметі.