
Балалар сурет конкурсы
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті облыс аумағында аз қамтылған отбасылардың, ата-ананың қамқорынан айырылған және т.б. балалардың (мектептер мен бала-бақшалар арасында) «Салық және кеден сауаттылығын дамыту – Балаларды қорғау күні» мерекесіне орайластырып, балалардың арасында салынған суреттер бойынша байқау жариялады.
Байқауға 146 дана суреттер түсіп, жұмысшы топ, соның ішінде "Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Көркемөнер галереясы" МКҚМ-нің бөлім басшысы А.К.Оразбаеваның және "Талдықорған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар көркемсурет мектебі" МКҚК-нің ұстазы (суретші) Д.Гаврилюктің қатысуларымен 4 суретті тақырыпқа сәйкес деген шешім қабылданып, жеңімпазардың аты-жөндері анықталды.
Байқауға қатысушылардың ішінен үздік деп танылған конкурсанттар бағалы сйлықтар және грамоталарымен марапатталды.
Жеңімпаздардың тізімі:
1. Жекен Аманжол Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Балалар шығармашылық үйі, 10 жас, сурет тақырыбы «Салық тамшысы» (1 орын иегері)
2. Бақтыбай Нұржан Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Балалар шығармашылық үйі, 11 жас, сурет тақырыбы «Біздің болашағымызға салық төлеңіздер»
(2 орын иегері)
3. Меркали Сағыныш Талдықорған қаласы, Балалар үйі «Айналайын», 12 жас, сурет тақыры «Салыққа салқын қарамайық»
(3 орын иегері)
4. Қасен Елнұр Талдықорған қаласы, Балалар үйі «Айналайын», 15 жас, сурет тақыры «Бюджет»
(3 орын иегері)