Date of publication: 19.07.2017 10:44
Date of changing: 19.07.2017 10:46

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік органда

 ішкі конкурс жариялайды (20.07.2017-24.07.2017 қоса есептегенде)

        Индекс 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz, shmusabaeva@taxalmaty.mgd.kz, g.beisekbay@kgd.gov.kz БСН 141140000549,

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

           Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

         Әңгімелесуге жіберілген және оң нәтиже алған кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету)

         С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

         жоғары білім;

         мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

     Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 282

112 431

 

      1.Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 14.02.2018 ж), С-О-5  санаты,   1 бірлік, №АТБ 1-2-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, техникалық  жоғары білімі.

       Қызметтік міндеттері: Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс.Ақпараттық жүйелерге бағдарламаларды енгізу, қолдану және қамтамасыз ету. Аумақтық басқармаларының қызметкерлерін ақпараттық жүйені пайдаланушы ретінде оқытуды ұйымдастыру. Салық есептілігі нысандарын ҚР ТАСЖ (ИНИС РК), СЕӨЖ (СОНО), ОБЖШ АЖ (ЦУЛС) ақпараттық жүйелерді енгізу мен қолдануды бақылау. ҚР ТАСЖ (ИНИС РК) жүйесін енгізу мен қолдануды бақылау. Электронды пошта және электронды пошта жүйесіне әкімшілік  жүргізуді бақылау. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің  жергілікті компьютерлік байланыс жүйесінің және есептеуіш техникасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Департамент пен аумақтық  басқармаларының  сервер жұмысын бақылау. Бағдарлама құра білу, есептеу құралдары мен оргтехникаға қызмет көрсету. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшынның техникалық тілін білу.

       2.«Алтынкөл» кеден бекетінің санитарлы-карантиндік бақылау бойынша бас маманы, C-О-5 санаты, 2 бірлік, №КБ 3-2-2

      Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе ветеренария немесе ауылшаруашылық ғылымдары.

        Функционалдық міндеттер:Тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ Кедендік Одақтың кеден аумағынан өтетін жеке тұлғаларға 2010 жылы 28 мамырдағы №299 бекітілген, «Кедендік Одақтың кеден шекарасындағы санитарлы-эпидемиялогиялық қадағалауға (бақылауға) жататын Тауарлар тізбесіне» сәйкес санитарлы-карантиндік бақылау жүргізеді. Ауру (күмәнді) анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарын жасау және эпидемиологияға қатысты қауіпті өнімдер бойынша обаға қарсы станциялар және санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің аудандық органдарымен өзара іс-әрекетседі. Өз құзыреті шегінде бақылауға алынған тауарлардың көліктік және коммерциялық құжаттарына өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарға тексеру жүргізеді. Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жұқпалы және паразиттік ауруларды диагностикалық емдеу сұрақтары бойынша кеңес береді.

        3. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы , 1 бірлік, С-О-5 санаты, № ҰҚБ 1-2-2

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

       Қызметтік міндеттері: Бухгалтерлік және шаруашылық операцияларын уақытыл  бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіп, бухгалтерлік есепті құрастырып, мәлімет,жедел ақпараттарды құрастыру, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы мен дұрыстығына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгертулер есебінде бекітілген шығыс бойынша мақсатты пайдалануға, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау. Материалдар мен құрал-жабдықтарға, кеңсе тауарларына, бланк өнімдеріне бақылау жасау.  Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу жұмысын жүзеге асыру. Қаржыландыру жоспарының міндеттемелері мен төлемдерінің есеп-қисап беру кезеңіне сай бюджет қаржысының шығысының орындалуын қадағалау.  Мемлекеттік сатып алынатын тауарлар,жұмыс және қызметтің көлемі мен номенклатурасын қалыптастыру. Мемлекеттік сатып алу процессін үйлестіріп, талдап, болжауды жүзеге асыру. Тауарды жеткізуге, жұмыс пен қызмет көрсетуге  кәсіпорындар және ұйымдармен келісім-шарт жасау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

         4. Камералдық бақылау басқармасының № 2 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 2018 жылдың 06-мамырына дейін) , С-О-5 санаты, 1 бірлік, №КББ 2-2-1

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық, кеден ісі білімі.

         Қызметтік міндеттері: Аумақтық басқармалардың салық есептілігін қабылдау және өндеу жұмысын қадағалау. Аумақтық  басқармаларға ақпараттық жүйелерімен жұмыс жөнінде әдістемелік көмек көрсету. Басқарма  құзыры шегінде аумақтық салық басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыс жағдайын тексерулерге қатысу; салық есептілігінің нысандары мен камералдық бақылауларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық  заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

         5.«Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы, 1 бірлік,  C-О-5 санаты, №Алтынкөл КБ 3-2-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары құқық (заңгер), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылым және технологиялар.

        Қызметтік міндеттері: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді.

       6.«Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы (уақытша , негізгі қызметкердің бала күту демасылысы мерзіміне 19.07.2018 жылға дейін), 1 бірлік,  C-О-5 санаты, №Алтынкөл КБ 3-2-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары құқық (заңгер), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылым және технологиялар

        Қызметтік міндеттері: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді.

        7. Талдау және тәуекелдер басқармасының тәуекелдер бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік, №ТжТБ 1-2-1

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

        Қызметтік міндеттері: Тапсырмалардың орындалу тәртібін бақылау және ұйымдастыру, кіріс түрлері бойынша бюджетке түсетін мемлекеттік кірістің ағымдағы және болашақтағы  түсу болжамын дайындау, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу. Салықтар мен төлемдерді болжау бойынша жұмыстарға қатысу және үйлестіру. Жиынтық талдамалы материалдарды болжау нәтижелері бойынша құрастыру.Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

        8.Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы,  C-О-5 санаты, 1 бірлік, ЖСӘБ 1-2-1

        Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

         Қызметтік міндеттері: Есеп – бақылау маркаларын, акциздік маркалар,  жекелеген түрлеріне  ілеспе жүкқұжаттарын  дұрыс пайдалану мен қозғалысын бақылау.Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымын анықтау мен тоқтату жөніндегі бақылау шараларын жүргізу.Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізеді, салық төлеушілердің хаттарын қарайды.  Облыс көлеміндегі Мұнай өнімдерінің өндірілуіне, айналымына және әкелінуіне бақылау жасайды.Мұнай және акцизделетін өнімдердің өндірілуіне, айналымына бақылау жасайды. Этил спирті мен алкогольді өнімдерінің өндірілуіне байланысты лицензиялар беруді қадағалайды. Акцизделетін мұнай өнімдерінің  заңсыз айналымын анықтау мен тоқтату жөніндегі бақылау шараларын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

       9.Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы Қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімінің бас маманы,  С-О-5 санаты, 1 бірлік,№ ЖСӘБ 1-2-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

       Қызметтік міндеттері:Импортталатын тауарларға ҚҚС–ын төлеу мерзіміне өзгерістер енгізудің заңдылығын бақылау. Импорт бойынша салық декларацияларын қабылдау, импорттық тауарлар әкелімі туралы өтініштерді қабылдау. Импорт және экспорт бойынша статистикалық декларацияларды қабылдау.  ҚҚС қайтарудың әкімшілігін жүргізу, өндіріп алу, түсуі мен заңдылығын бақылау. Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, салық төлеушілердің хаттарын қарайды. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау.Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық оның ішінде тақырыптық және қарсы тексеру. Техникалық сабақ жоспары бойынша сабақ өткізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

      10. Пост-кедендік бақылау басқармасының кедендік камералдық тексеру жүргізу бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту мерзіміне), С-О-5 санаты, 1 бірлік, №АБ 1-2-1

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

        Қызметтік міндеттері: Кедендік тексерулер жүргізу. Кіргізілген, шығарылған товарды тексеру.  Құжаттық, рейдтік, хронометраждық тексерулер.  Ақпараттарды жинақтау, баяндама, хаттарға шолу жасау. 2Н-есептілігін қабылдау, салықтық тексерулердің сапасын бақылау, кезектен тыс  салықтық тексерулердің қорытындысын талдау. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

         11.Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімінің  бас маманы,  С-О-5 санаты, 1 бірлік, №МҚКБ 1-2-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

       Қызметтік міндеттері:  Тексеру актілерінің ескертпелері  бойынша салық төлеушілердің шағымын қарау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салық заңдылықтарын насихаттау жұмысын жүргізу.Салық тексерулері бойынша апелляциялық шағымдарды қарау, салық заңдылықтарын дұрыс қолдануды қамтамасыз ету.  Техникалық сабақтың жоспары мен көпшілік-түсіндірме жұмысы бойынша есептілік дайындау.Салық заңдылықтарын дұрыс және біркелкі қолдану мәселелерін түсіндіру, хаттар, арыздар мен шағымдарды дұрыс және сапалы қарау жұмыстарын қамтамасыз ету. Салық заңдылықтарын қолдану бойынша салық төлеушілермен түсініктеме жұмыстарын жүргізеді.Салық төлеушілердің салық заңдылықтарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық салық салу мәселелері бойынша ҚР ҚМСК-нің жүргізетін салықтық тексерулеріне қатысу. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша заңды және жеке тұлғалардың келіспеушіліктері мен талаптарын қарау жұмысына қатысу. ҚР резидент еместердің салық төлеуден бұлтаруына жол бермеу жұмыстарын жүргізу. Компьютерде жұмыс істей білу.Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

       11.Аудит басқармасы  №4 аудит бөлімінің  бас маманы, С-О-5 санаты,  1бірлік, №АБ 4-2-1.

     Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім

   Қызметтік міндеттері: Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеу. Техникалық сабақ жоспарын жасау және сабақ өткізу. Салық есебін жүргізу, қолданыстағы Жарлықтар мен ережелерді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мәселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау және ұйымдастыру. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңғасәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

      12.Тарифтік реттеу басқармасының тауарлар жіктемесі бөлімінің бас маманы, 1 бірлік,  С-О-5 санаты, №ТНКҚБ-1-2-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

        Қызметтік міндеттері:СЭҚ қатысушыларының өтініштерін объективті және мерзімді жүйеде қарастыру, сонымен қатар бөлім құзыреті шегінде кеңес көрсету. Комитет сұрау салынатын ақпараттарды және бөлiм қызметкерлерінің арасындағы үлестiруге сәйкес пiшiндерiне арналған есеп берудiң мерзiмдi, сапалы қамтамасыз етiлуін қамтамасыз ету.ЕАЭО СЭҚ ТН  кодына сәйкес алдын-ала жіктеу бойынша шешім шығару туралы мемлекеттік қызмет көрсету.ЕАЭО СЭҚ ТН     кодына сәйкес тауарларды шығарғаннан кейін тауарларды жіктеу.

 

      С-О-4**** мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

        Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президент туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарын,  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, В-5, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;**

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы;**

      9) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109 932

148 242

 

     13. Тарифтік реттеу басқармасы  Кедендік кұн бөлімінін басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік, №ТНКҚБ 1-1.

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит),техникалық ғылымдар және технология. 

      Қызметтік міндеттері: Тарифті реттеу шаралары, тауарларды жіктеу жэне кедендік күнды анықтаудың Кеден одағы жэне Қазакстан Республикасының заңнамасына сэйкес дұрыстығына бақылау бойынша әкімшіліктендіруді жүргізу, тауардың кедендік кұнын аныктау, сонымен катар, анықталған әдістің дұрыстығы мен берілген кедендік күнның кұрылысын бақылау; тауарға арналған декларациялардың әкелінген/шығарылатын тауарлар мен көлік кұралдарының кедендік кұн бойынша талдау жүргізу; тауарды жіктеу бойынша алдын-ала шешімдерін, тауарды жіктеу бойынша кеден органының шешімі. КО СЭҚТН коды бойынша қорытынды шығарады; белгіленген нысанда есеп беру. Бөлімнің күзіретіне кіретін сұрақтар бойынша СЭҚ катысушыларының өтініштерін уакытысында және объективті каралу жұмысын іске асырады; кедендік
төлемдер мен салықтар бойынша есептердің Салыстыру актісін тексеру, сондай-ақ  сыртқы экономикалык қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша Растау беру; Бөлімнің құзыретіне кіретін. сұрақтар бойынша талдау және өзгеде акпараттарды дайындау; кедендік төлемдер мен салыктарды өндіріп алу сұрақтарын ретке келтіретін. кеден заннамалары мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру; пластикалық төлем карталар құралымен төленген кедендік төлемдер мен салықтардың түсуіне бакылауды жүзеге асыру; депозиттік шоттардан аударылған сомаларды және депозит шоттарының сомалары бойынша жеке шоттар бойынша тартуды жургізу

        14. Кедендік бақылау басқармасының Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінін басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік, №КББ 2-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технология.

       Қызметтік міндеттері: Еркін қойма кеден рәсімін шектеу және аяқтау талаптарының сакталуына мониторингті жүзеге асырады; кері экспорт бойынша кеден рәсіміне мониторингті жүзеге асырады, кеден бекеттерінін экспорттық бақылау мен тарифсіз реттеу шараларын қолданудың зандылығына мониторинг жүргізеді; еркін койма иелерінен статистикалык көрсеткіштерді алады және бөлімнің бағыты бойынша есепті Комитетке беру үшін қалыптастырады; Казакстан Республикасы мен Кеден одағынын кеден заңнамасымен белгіленген Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарларга қатысты шектеулер мен тиымдарды өз құзыреті шегінде, кеден рәсіміне тауарларды орналастыру мен олардың әрекеттерін аяқтау бойынша шарттардың, тауарлар орналастырылғанда кеден одағының статусын алмайтын кеден рәсімінің шарттарын сакталуын кедендік бақылайды және ұйымдастырады, соның ішінде ақпараттық технологияны қолдана отырып; тауарларға кедендік бақылау бойынша белгіленген тәртіпте нормативті-құқықтық актілерді дайындау бойынша ұсыныстар береді; «ТТС УМД» көрсеткіштер базасына кеден транзиті кеден рәсімін аяктау бойынша дер кезінде мәліметтерді енгізудің мониторингін жүзеге асырады; КР «КР кеден ісі туралы» кодекстің 2656 сәйкес, ӨТСК мен баска да орындарға келген тауарларға ХЖТ кітапшасын жабуды жүзеге асырады; КР мемлекеттік шекарасында радиационды бақылауды жүзеге асыруда кеден органының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;

        15. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының Үшінші елдердің және Кеден одағының импортын әкімшілендіру бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік, № ЖСӘБ 1-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

         Қызметтік міндеттері:Импортталатын тауарларға ҚҚС–ын төлеу мерзіміне өзгерістер енгізудің заңдылығын бақылау. Импорт бойынша салық декларацияларын қабылдау, импорттық тауарлар әкелімі туралы өтініштерді қабылдау. Импорт және экспорт бойынша статистикалық декларацияларды қабылдау.  ҚҚС қайтарудың әкімшілігін жүргізу, өндіріп алу, түсуі мен заңдылығын бақылау. Импортталатын тауарларға ҚҚС–ын төлеу мерзіміне өзгерістер енгізудің заңдылығын бақылау. Салық заңдылықтарын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, салық төлеушілердің хаттарын қарайды. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау.Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық оның ішінде тақырыптық және қарсы тексеру. Техникалық сабақ жоспары бойынша сабақ өткізу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

          C-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

     Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-2

127 421

172 394

     16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті  Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ескелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысының  орынбасары, С-R-2 санаты,  1 бірлік,  №02-1

       Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары экономикалық, құқықтық білім.

       Қызметтік міндеттері: Ұжым жұмысын ұйымдастыру, қол астындағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, азаматтарды қабылдау жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы. Салық заңдылықтарын түсіндіру, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне бақылау жасау.Белгіленген тәртіппен оперативті-бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікке бақылау жасау. Қолданыс тәртібіне сәйкес, Мемлекетттік кірістер басқармасының мүлкі пен ақша қаражатын басқару, олардың есебін жүргізуге бақылау жасау.  Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу

      17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті  Алматы  облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Райымбек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысының  орынбасары, С-R-2 санаты,  1 бірлік,  №02-1.

               Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары экономикалық, құқықтық білім

      Қызметтік міндеттері: Ұжым жұмысын ұйымдастыру, қол астындағы қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау, азаматтарды қабылдау жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы. Салық заңдылықтарын түсіндіру, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне бақылау жасау.Белгіленген тәртіппен оперативті-бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікке бақылау жасау. Қолданыс тәртібіне сәйкес, Мемлекетттік кірістер басқармасының мүлкі пен ақша қаражатын басқару, олардың есебін жүргізуге бақылау жасау.  Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
 

                                                                                                                 Нысан

________________________
 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

     

Мекен- жайы және байланыс телефоны

 __________________________________________________________________________________                     

_______________ _____________________
  (қолы)                                                                               (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))