Date of publication: 10.07.2017 10:57
Date of changing: 10.07.2017 12:50

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Ашық мемлекет» мемлекеттік қызмет жәрмеңкесінде таныстыру рәсімін өткізді  

 

Екінші жыл қатарынан, Астана күні мерекесін тойлау аясында  «Жастар» саябағында «Ашық мемлекет» атты ауқымды мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өткізілді. Басқа мемлекеттік органдарымен қатар өз таныстыру рәсімін Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті да ұсынды.

Келушілер назарына ақпараттық материалдар ұсынылып, көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бейне роликтер көрсетілді.

Талдықорған қаласының Ақпаратты қабылдау және өндеу орталығының қызметкерлері қала тұрғындарының сұрақтарына жауап қайтарып, кенес берді. 

Кішкентай бүлдіршіндерге таңымдық ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар берілді.