Date of publication: 29.06.2017 18:00
Date of changing: 29.06.2017 18:01

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылгы 16 қарашадағы № 405-V ЗРК Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап дара кәсіпкерлерде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан эрі - МӘМС) аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (аудару), ұстап қалу жэне төлеу міндеттері, сонымен қатар осы міндеттемелерді тиісті салықтық есеп нысандарында көрсету мәселесі туындайды.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер тиісінше:

өзіне МӘМС жарнасын төлеп, яғни, оларды 911.00 салықтық есегітілік нысанында көрсетеді (патенттің есеп бағасы);

жеке тұлғамен азаматты-құқықтық түрі келісімшартын жасаған жағдайда, осындай жеке тұлғаның табысынан (бір айлық табыс мөлшерінде аударымдар мен жарналарды есептеуге алынған, Заңның 29-бабының 6-тармағында белгіленген - 15-рет еселенген ең төменгі бір жалақы мелшерінен аспайтын) міндетті элеуметтік медициналық сақтандыруға белгіленген мөлшерлемесі бойынша ұстау қажет, есептілік айдан кейінгі айдың 25-іне дейін аудару, жэне оларды тиісті кезеңнің 200.00 салық есептілігі нысанында көрсету қажет.

Тиісті өзгерістер мен толықтырулар салық есептілік нысандарына енгізілген. Осылайша, 911.00 есептілік нысанында өзгерістер енгізілген, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты. Аталған өзгерістер «Салық есептілігі нысандарын жэне оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 579 бұйрығымен енгізілген.

Сонымен катар, мемлекетпен жарналар төленетін болғандықтан, дара кэсіпкерлердің жарналарын төлеуден босатылатын тұлғалар тізбесі Заңмен белгіленгенін хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Заң жобасымен «Денсаулык сақтау сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында қаралуда) Қазақстан Республикасының «Міндетті элеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 26 қарашадағы Заңына, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың және аударымдардың (эрі қарай- МӘМС төлемдері) мөлшерлемелерінің мөлшерін, МӘМС төлемдерінің есептеу объектісін жэне мемлекетпен жарналар төленетін болғандықтан, дара кәсіпкерлердің жарналарын тізімі бойынша төлеуден босатылатын тұлғалар туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп жатқанын мәлімет үшін хабарлаймыз.

Осыған байланысты, 2017 жылға патент алған патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер, ағымдағы жылдың 1 шілдесін коса, МӘМС жарналарын 911.00 салық есептілік нысанында көрсетпеген жағдайда, қосымша патент бағасының есептерін тапсыру қажет.