Date of publication: 21.06.2017 14:55
Date of changing: 21.06.2017 14:56

2017 жылдың маусым айының 21 жұлдызында Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің бастамасымен Қапшағай қаласының бизнес – ассоциациясы, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Экономикалық тергеу қызметінің басты бағыттары. Көлеңкелі экономика қылмыстарына қарсы тұру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 

Дөңгелек үстел мақсаты Департамент пен жеке кәсіпкерлік арасындағы өзара әрекет етуді нығайту, мемлекеттік органдарының бизнес қызметіне заңсыз араласушылығына байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдарын бірігіп құру.

Кездесу кезінде, Департаменттің бөлім басшылары және қызметкерлері кәсіпкерлерге Экономикалық тергеу қызметімен қолданылған шаралар жайында мәліметтер жеткізілді.

 Сонымен қатар, Департаментпен профилактикалық сипатта – мемлекеттік органдар мен мекемелерді қылмысты жасауға себеп болатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынамдар жолданатындығы туралы ақпарат жеткізілді.

 

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы