Date of publication: 15.06.2017 14:39
Date of changing: 15.06.2017 14:41

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы обласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Достық» кедені  «Б» корпусының төменгі болып табылатын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды  (16.06.2017-26.06.2017 қоса есептегенде)

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені, 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі, анықтама телефоны: (872833) 32037, электрондық мекенжайы: b.bilisbekov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz., keden.dostyk@mail.ru.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-6

74 954

101 604

1.Персоналмен жұмыс бөлімінің жетекші маманы С-О-6 санаты бойынша, индекс №ПЖБ-04-6, ПЖБ-04-7, 2 – бірлік тұрақты.

Функционалдық міндеттер: Кадр құрамына талдау жүргізу, кадрларға қажеттіліктерді жоспарлау, жаңа лауазымдар мен мамандардың қажеттілігіне байланысты штат кестесіне өзгерістер енгізу туралы басшылыққа ұсыныстар дайындау, Кеденнің лауазымды тұлғаларын және қызметкерлерін жұмысқа қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату, еңбек демалысын беру бойынша жұмысты ұйымдастыру, Кеден персоналының еңбек тәртібінің талаптарын сақтауына бақылау, қажет болған кезде кінәлілерді тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда консультация беру. Кеденнің мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру әдістерінің нысандарын жетілдіруге бақылау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда және құрылымдық бөлімдерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Кеденде мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулерге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын іске асыру мәселелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды әзірлеу; азаматтардың және Кеденнің құрылымдық бөлімшелердің өтініштерін, Бөлім басшысының тапсырмаларын қарау; Кеденнің және құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қызметтік тергеулерді және тексерулерді жүргізу; Салық құпиясының сақталуын қамтамасыз ету; іс қағаздарын жүргізу және бекітілген міндеттер шеңбері бойынша құжаттардың, қатаң есептілік бланкілерінің сақталуын қамтамасыз ету.

Негізгі талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе  гуманитарлық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Кедендік рәсімдер бақылау және декларациялау бөлімі жетекші маманы, С-О-6 санаты бойынша, индекс № КРБжДБ-10-6, 1 – бірлік тұрақты.
Функционалдық міндеттер: Тауарларды кедендік тазарту мен декларациялауға байланысты кедендік операцияларды ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасау; кедендік бақылаудың нысаны мен түрін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылауды жүргізу; кедендік процедуралар және олардың әрекеттерінің аяқталуы  аясында тауарларды орналастыру шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу; кеден одағының  тауары мәртебесін иеленбейтін тауарларды орналастыру кезінде, кедендік процедуралардың шартын сақтай отырып кедендік бақылауды жүргізу, егер кедендік декларациялау жазбаша нысанда өндірілсе, кеден  құжаттарының қағаз даналарына архив жүргізу, сонымен бірге қолданбалы қамту бағдарламасын қолдана отырып кедендік ақпарат базасын жүргізу; кеден ісінің саласына қатысты Кеден одағының шекарасы арқылы өтетін тауарларға тыйым салулар мен шектеулерді сақтай отырып, кедендік бақылау жүргізу; интелектуалды меншік нысанының құқығын қорғауға қатысты шараларды қолдану; КҚ СЭҚ ТН-ға қатысты тауардың сыныптамасына қарай, тауардың шығу мемлекеті мен кедендік құнының дұрыс анықталғанына кедендік бақылау жүргізу; тарифтік пұрсаттылықтарды ұсыну мен тарифтік реттеу шараларын қолдану; кедендік төлем мен салықтардың төленгендігін бақылау, олардың дұрыс есептелгендігін тексеру және олардың толыққанды мемлекеттік бюджетке түсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу; кеден бақылау аймағы режимінің сақталуына, жекелей және кеденнің уәкілетті бөлімшелерімен бірге бақылау жүргізу;  кедендік процедура иелігінде орналасқан тауарлардың нақты әкетілімін бақылау, (экспорт, реэкспорт және т.б) тауауарларының әкетілімін ескеру; темір жолдың бақылау органдарымен, кеден өкілдерімен, СЭҚ қатысушыларымен, экспедиторлық компаниялармен өз құзыры шегінде өзара әрекеттесу; бөлімінің құзырына кіретін сұрақтар бойынша есеп беруді жүргізу; тауарлар мен көлік құралдарына кедендік қарау мен тексеріс жүргізу, кедендік қарау мен тексерудің нәтижелерін рәсімдеу; қажет болған жағдайда тауарды өлшеуге ұсыныс беру, оған тікелей қатысу және бақылау нәтижелерін тіркеу;  кеден одағының кедендік аймағына тауарлар мен көлік құралдарының келгендігі және шыққандығы туралы хабарлама алу, сәйкес кедендік бақылауды жүзеге асыру;  тауарлар мен құжаттарды кідірту бойынша оларға сәйкес хаттама ресімдеу арқылы шешім қабылдау; Кеден бақылау нысаны бойынша теміржол өткізу пунктіндегі мұнай өнімдерін тиейтін орында  кедендік бақылау жүргізу, кеден одағының кедендік заңдарымен және ҚР нормативті құқықтық актілерімен сәйкес құралдарды сәйкестендіруді бақылау.
Негізгі талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. «Алакөл» кеден бекетінің  жетекші маманы C-О-6 санаты бойынша, индекс №АКБ-16-34, уақытша негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 30.10.2019 жылға дейін, 1-бірлік.

Функционалдық міндеттер: ҚР кедендік шекарасы арқылы өту кезінде барлық тауарлар мен көлік құралдарына және жолаушыларға (қол жүгіне) тұрақты қашықтықтан автоматтандырылған қондырғы көмегімен үнемі радиациялық бақылауды жүзеге асырады және табиғи шамадан асқан гамма-нейтрондық фоны тіркеледі; тасымалданатын құралдар көмегімен иондаушы  сәулеленудің қайнар көзін (табиғи шамадан асқаны анықталған кезде), тауардың, қол жүгі (орны) орауының және көлік құралының (оның бөлігі) деңгейіне дейін шектейді; ұсталған радиоактивтік заттарды, радиациялық қауіпсіздік талабына сай көлік ұйымы және аймақтың басқа ұйымының алдын – ала жабдықталған арнайы орнында (темір жол тұйықтары мен алаңдары) уақытша сақталуын қамтамасыз етеді; ұсталған радиоктивті материалдарды белгілінген тәртіп бойынша өкілетті органдарға өткізеді; иондаушы сәулелену көзінің қуаты оның спектралдық мінездемесін өлшеу арқылы теңестіреді; кеден бекетіне түскен іс құжаттарына талдау, өндеу және ұйымдастыру жұмыстарын сондай-ақ, іс-жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады; бөлінетін және радиоктивті материалдарды заңсыз өткізудің анықталған деректері бойынша кеден ережесінің бұзылғаны туралы іс жүргізу, кеден саласындағы контрабанда және басқа да қылмыстар бойынша іс жүргізуге қатысу, анықтау жүргізуге көмек көрсетеді; «Достық» кедені орналасқан жерде радиациялық апат болған кезде көлік ұйымдары өкілдерімен, ҚР ТЖМ, ҚР ДСМ, ҚР АЭМ, ҚР ІІМ өкілдерімен бірлесе отырып, апат орнындағы радиациалық жағдайға бақылау жасайды. Қызметкерлердің жеке сәулелену мөлшерін анықтайды, радиациялық апатты тексереді, оның салдарын жою жұмысын ұйымдастырады; басқа құқық қорғау ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастықта мемлекеттік шекарадан бөлінетін және радиоктивтік материалдардын заңсыз өткізілуін болдырмауын алдын-алуға қатысты шараларға  қатысады; тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасын және кеден ережелерін бұзылуын анықтау, ашу және тіркеу мақсатында кедендік бақылаудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану үшін іс-шаралар жүзеге асырады.

Негізгі талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік жергіліктік басқару, маркетинг, әлемдік экономика немесе құқық немесе ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету.   

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

<>4.

 

            3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

            "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

            Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

            4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

            5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

            10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

            Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

            Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 040212, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достық кенті, «Т» паркі 10 бөлмеге немесе b.bilisbekov@kgd.gov.kz, Ku.Segizbaeva@kgd.gov.kz., keden.dostyk@mail.ru. электрондық мекен-жайға тапсырылуы тиіс, анықтама телефоны: (872833) 32037.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін тестілеу бағдарламасы:

               Екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

            Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

            Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

            Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

            Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары

            "Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:

            2) бағдарлама А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

            бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

            Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

            Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Кандидаттармен әңгімелесу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша мелмелкеттік кірістер департаментінің «Достық» кеденінде әңгімелесуге шақырған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

   

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

                  Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

       қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

     

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

 "___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

 "Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата