
Жеңіс сарбаздары
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ұлы жеңістің 70-жылдығы қарсаңында, Талдықорған қаласының соғыс ардагерлері Байжайлауова Абила, Баймуханбетова Маржан және Баймуханова Куляшты құрметтеу мақсатында құттықтады.
Соғыс ардагерлеріне соғыстағы көрсеткен ерліктері үшін алғыс білдіре отырып, ұзақ өмір тіледі, қазіргі бейбіт өмірге сол кісілердің арқасында жеткенімізді атап өтті. Кездесу барысында жақсы тілектерімен қатар, ардагерлерге құттықтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің ерлігі өскелең ұрпаққа патриоттық үлгі болып қалады. Отанымызды қорғаушылардың мәңгілік даңқы артсын!






























