Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылуының аяқталуы және тоқтатылуы
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуы мынадай жағдайларда:
-АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе АЭА аумағында еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда - АЭА жұмыс істеуі тоқтатылған немесе осындай шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде;
-тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырған тұлға АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) мәртебесін жоғалтқан жағдайда - тұлға осы мәртебесін жоғалтқан күннен бастап алты ай ішінде;
-АЭА аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды:
-осы Кодекстің 285-бабының 4-тармағында көрсетілген мақсаттарда;
-осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайда кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес оларды бір АЭА аумағынан екінші АЭА аумағына тасымалдау үшін;
-егер осындай тауарлар өздерінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан болса және өздері арналғандай түрде пайдалануға жарамсыз болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге де тәсілмен жою үшін әкету жағдайларын қоспағанда, осындай тауарларды әкеткен жағдайда;
-тауарлар осы Кодекстің 285-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес тұтынылған жағдайда;
-осы Кодекстің 285-бабының 8 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда тауарларды беруді қоспағанда, АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын осы баптың 8 және 9-тармақтарына сәйкес АЭА-ның өзге резидентіне (қатысушысына, субъектісіне) не АЭА резиденті (қатысушысы, субъектісі) болып табылмайтын тұлғаға берген жағдайда аяқталуға тиіс.





























