Date of publication: 20.04.2017 14:45
Date of changing: 20.04.2017 14:51

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аталған мемлекеттік органда «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды (21.04.2017-25.04.2017 қоса есептегенде)

БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров  көшесі, 113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz, g.beisekbay@kgd.gov.kz

 

   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.    

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Әңгімелесу өткізу кезінде кандидаттардың конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыпқа эссе жазуларына жол беріледі.

Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қабылданады .

Әңгімелесуге жіберілген және оң нәтиже алған кандидаттар тізімі Alm.kgd.gov.kz сайтында жарияланады (департамент туралы-кадрлық қамтамасыз ету)

С-О-5 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*

      6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112431

 

1. Аудит басқармасы  №2 аудит бөлімінің  бас маманы, С-О-5 санаты,  1 бірлік, №АБ 2-2-1

  Қызметтік міндеттері: Салықтық тексерулер жүргізу: құжаттық, рейдтік, хронометраждық зерттеу. Техникалық сабақ жоспарын жасау және сабақ өткізу. Салық есебін жүргізу, қолданыстағы Жарлықтар мен ережелерді, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың кірісіне салық салу мәселелері бойынша нұсқаулықты дұрыс қолдануды бақылау және ұйымдастыру. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім

2. «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы, 23 бірлік,  C-О-5 санаты, №Алтынкөл КБ 3-2-23

Қызметтік міндеттері: Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу мен бақылау жүргізеді. Кедендік рәсімдерге қойылған тауарларды орналастыру шарттарын орындауды бақылайды. Техникалық реттеу және тарифтік есем реттеу, экспорттық және валюталық, СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың сыныпталуын, тауарлардың шыққан елін анықтау дұрыстығын бақылайды және тарифтік префиренцияларды ұсынады. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қолданылатын шараларды орындайды. Кедендік төлемдер мен салықтардың дұрыс есептелуін, сондай-ақ оларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуын немесе жеңілдіктер ұсынуын, көлік құралдары мен тауарлардың уақытша сақтау мерзімін және кедендік декларацияны тапсыру мерзімін қадағалауды жүзеге асырады. Кедендік транзиттің рәсімдеуін қадағалау. ҚР ҚМ КБК ОӘО (ЦОУ) КТЖ (ТТС) кедендік транзиттік жүйені және ТЖБАЖ (АСКДТ) тауарлардың жеткізілуін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қолданады. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын, мобильді инспекциялық-тексеру кешенін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын алдын ала шығырып салуына, сондай-ақ кедендік Одақтың кеден шекарасы арқылы өтетін жеке және заңды тұлғалардың кедендік кіріс ордерін пайдалану арқылы тауарлар мен көлік құралдарына кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау жүргізеді. Мәлімденген тауарладың кедендік құнын түзейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылым және технологиялар (көлік, көлік техникасы және технология).

3. Кедендік бақылау басқармасының Тауарлардың жеткізілуін бақылау бөлімінін бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік, КББ 2-2-3

Қызметтік міндеттері: Еркін қойма кеден рәсімін шектеу және аяқтау талаптарының сакталуына мониторингті жүзеге асырады; кері экспорт бойынша кеден рәсіміне мониторингті жүзеге асырады, кеден бекеттерінін экспорттық бақылау мен тарифсіз реттеу шараларын қолданудың зандылығына мониторинг жүргізеді; еркін койма иелерінен статистикалык көрсеткіштерді алады және бөлімнің бағыты бойынша есепті Комитетке беру үшін қалыптастырады; Казакстан Республикасы мен Кеден одағынын кеден заңнамасымен белгіленген Кеден одағының кеден шекарасынан өтетін тауарларга қатысты шектеулер мен тиымдарды өз құзыреті шегінде, кеден рәсіміне тауарларды орналастыру мен олардың әрекеттерін аяқтау бойынша шарттардың, тауарлар орналастырылғанда кеден одағының статусын алмайтын кеден рәсімінің шарттарын сакталуын кедендік бақылайды және ұйымдастырады, соның ішінде ақпараттық технологияны қолдана отырып; тауарларға кедендік бақылау бойынша белгіленген тәртіпте нормативті-құқықтық актілерді дайындау бойынша ұсыныстар береді; «ТТС УМД» көрсеткіштер базасына кеден транзиті кеден рәсімін аяктау бойынша дер кезінде мәліметтерді енгізудің мониторингін жүзеге асырады; КР «КР кеден ісі туралы» кодекстің 2656 сәйкес, ӨТСК мен баска да орындарға келген тауарларға ХЖТ кітапшасын жабуды жүзеге асырады; КР мемлекеттік шекарасында радиационды бақылауды жүзеге асыруда кеден органының қызметін үйлестіреді және ұйымдастырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық (заңгер, кеден ісі), әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит), техникалық ғылымдар және технология.

4. .«Алтынкөл» кеден бекетінің санитарлы-карантиндік бақылау бойынша бас маманы, C-О-5 санаты, 2 бірлік, №Алтынкөл КБ 3-2-1

Функционалдық міндеттер: Тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ Кедендік Одақтың кеден аумағынан өтетін жеке тұлғаларға 2010 жылы 28 мамырдағы №299 бекітілген, «Кедендік Одақтың кеден шекарасындағы санитарлы-эпидемиялогиялық қадағалауға (бақылауға) жататын Тауарлар тізбесіне» сәйкес санитарлы-карантиндік бақылау жүргізеді. Ауру (күмәнді) анықталған жағдайда эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарын жасау және эпидемиологияға қатысты қауіпті өнімдер бойынша обаға қарсы станциялар және санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің аудандық органдарымен өзара іс-әрекетседі. Өз құзыреті шегінде бақылауға алынған тауарлардың көліктік және коммерциялық құжаттарына өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттарға тексеру жүргізеді. Эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, жұқпалы және паразиттік ауруларды диагностикалық емдеу сұрақтары бойынша кеңес береді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары медициналық .

Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 14.02.2018 ж), С-О-5  санаты,   1 бірлік, №АТБ 1-2-1

Қызметтік міндеттері: Word, Excel, E- mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс.Ақпараттық жүйелерге бағдарламаларды енгізу, қолдану және қамтамасыз ету. Аумақтық басқармаларының қызметкерлерін ақпараттық жүйені пайдаланушы ретінде оқытуды ұйымдастыру. Салық есептілігі нысандарын ҚР ТАСЖ (ИНИС РК), СЕӨЖ (СОНО), ОБЖШ АЖ (ЦУЛС) ақпараттық жүйелерді енгізу мен қолдануды бақылау. ҚР ТАСЖ (ИНИС РК) жүйесін енгізу мен қолдануды бақылау. Электронды пошта және электронды пошта жүйесіне әкімшілік  жүргізуді бақылау. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің  жергілікті компьютерлік байланыс жүйесінің және есептеуіш техникасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Департамент пен аумақтық  басқармаларының  сервер жұмысын бақылау. Бағдарлама құра білу, есептеу құралдары мен оргтехникаға қызмет көрсету. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшынның техникалық тілін білу.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, техникалық  жоғары білімі.