
қазақстан-қытай кеден шекарасында «Сенім» жобасын іске асыру туралы
қазақстан-қытай кеден шекарасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасында «Сенім» жобасын іске асыру туралы хаттамаға қол қойылды.
«Сенім» жобасы қатысушыларға:
- Өткізу пункттерінде тауардың келуімен байланысты кеден операцияларының уақытын минимизациялауға;
- Жеке жүру жолақтары бойынша орын ауыстыруға (өткізу пункттерінде инфрақұрылымдық мүмкіндіктер болған жағдайда);
- Операциялық залдарда құжаттамалық бақылауды өткізу үшін жеке жұмыс орындарына (терезе);
- Уәкілетті экономикалық операторлардың (бұдан әрі – УЭО) тауарларды бөлмелерде, ашық алаңдарда және басқа да аумақтарда уақытша сақтауға;
- Кеден транзиты процедурасын орындау кезінде кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша талаптардың болмауына;
- Кедендік декларацияны беруге және кеден процедурасына беруге дейінгі кедендік операцияларды орындаудың бастапқы тәртібіне;
- Кедендік декларациялау үнемі орындалған жағдайда кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді орындамау секілді мүмкіндіктер береді.
Бұл жобаның қатысушылары Тарап елдердің заңнамасына сәйкес арнайы жеңілдіктер қолданылатын УЭО мәртебесі бар заңды тұлғалар бола алады.