Date of publication: 24.03.2017 17:51
Date of changing: 24.03.2017 18:00

Уәкілетті экономикалық операторға мынадай арнайы оңайлатулар беріледі:

      1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында және өзге аумақтарында тауарларды уақытша сақтау;

      2) кедендік транзит рәсімін жүзеге асыру кезінде кеден органдары кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің ұсынылуын талап етпейді;

      3) кедендік декларацияны беру алдындағы кедендік операцияларды жасаудың және кедендік рәсіммен орналастырудың бірінші кезектегі тәртібі;

      4) мерзімдік кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылмайды.

Уәкілетті экономикалық операторға мынадай қосымша арнайы оңайлатулар берілуі мүмкін:

      1) уәкілетті экономикалық оператордың үй-жайларында, ашық алаңдарында, аумақтарында тауарларды шығаруға байланысты кедендік операциялар жүргізу;

      2) кеден ісі туралы Кодекстің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарлар шығару;

      3) кеден ісі туралы Кодекстің 319-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті экономикалық операторлар үшін кедендік транзит рәсімін қолдану.