
СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕСУГЕ БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН
2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы заңы қабылданып, мемлекеттік органдар қызметінде заңдылық пен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды нығайту жөнінде қатаң талаптар қойылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы ретінде танылып, заңсыз іс-әрекеттерге барғандарды қатаң жазалау да ұсынылған.
Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін арнайы қызметтермен, халықаралық мемлекеттік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастықты, бірігіп әрекет етуді нығайту жөнінде көптеген шаралар қабылданған. Себебі, сыбайлас жемқорлық құқықты, тәртіпті таптап қана қоймай, мемлекеттің дамуын барлық жағынан тежейтін, ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс екені анық.
Қызмет көрсетудің заманауи жаңа түрлері енген сайын сыбайлас жемқорллықтың небір қырлары да көрінуде.
Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың оған қатысуға үлесі бар ұйымдардың басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі шараларды орындамағаны үшін, мемлекеттік қызметшілердің өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық жәйіттердің бәрін өз басшылығына немесе құқық қорғау органдарына жеткізбегеніне байланысты жауапкершілігі белгіленіп, құны осы адамдардың ресми табысынан асып түсетін мүліктің шығу тегі туралы ақпарат ұсыну міндеті қойылған.
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы да өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып, жүзеге асырылып жатқан барлық шараларға белсене қатысуда. Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңын, Мемлекеттік қызметшілердің Этика кодексі нормаларының жетік білуін қамтамасыз ету мақсатында техникалық сабақтар өткізіліп тұрады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Елбасымыз «жалпыұлттық міндет» деп жариялауы баршамызға үлкен жауапкершілік жүктеуде.
Текелі қаласы бойынша салық
басқармасының бөлім бастығы Е. Стамбеков