Date of publication: 24.04.2015 18:35
Date of changing: 24.04.2015 18:36

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде, 2015 жылдың 15 сәуірінде Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңестің отырысы өтті.

       Кеңес құрылымдық бөлімдердің басшылары, бизнес құрылымның, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің және «Нұр Отан» ХДП Алматы облысы бойынша филиалының өкілдерінің қатыстуымен өтті.

       Кеңесті Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Қ.Исақов ашып, мемлекеттік кірістер департаменті  қызметінің  негізгі бағыттарын, құрылымдық өзгерістер мен салық, кеден және қаржы органдарының бірлескені жөнінде айтып өтіп, Консультативтік кеңестің міндеттері, мақсаттарымен таныстырды.

      Сыртқы экономикалық  қызметіне қатысушыларға   мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша департаменттің кедендік бөлігінің басшылары баяндады.

      Сонымен қатар, салық төлеушілердің электрондық шот-фактураларға көшуі бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, оның мүмкіншіліктері мен артықшылығы туралы сұрағы қарастырылды.

       Бұдан басқа, жалған мекемелер мен тіркеуі заңсыз деп таңылған салық төлеушілер  мәселелеріне назар аударылды.

       Кеңестің қорытындысы бойынша кеңес мүшелері жағынан салық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.