Date of publication: 06.01.2017 15:04
Date of changing: 06.01.2017 16:08

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сіздерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері   және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен мемлекеттік қызметшілерге жаңа әдеп қағидаларын жеткізу мақсатында «Мемлекеттік қызметтегі әдеп (Этика на госслужбе)» атты мобильдік қосымша әзірлегенін хабарлайды.

Аталмыш қосымшада Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жаднамасы, Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдары, әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ақпараттар, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп деңгейін анықтау бойынша тест орналастырылған.

Мобильдік қосымшаны ұялы телефонға Appstore, Android және Windows store платформаларында жүктеу қолжетімді болып табылады.