
2015 жылдың сәуір айының 11-ші жұлдызында Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне 70 жыл қарсаңында мәдени – бұқаралық жаппай іс-шараларын өткізді.
Бүгінгі күні, Еңбекшіқазақ ауданында қан майданға басынан аяғына дейін қатысып, ерен ерліктің үлгісін танытып, кеуделері орден-медальдарға толып оралған 33 ардагеріміз бар. Ардагерлерді ұлықтау, оларға құрмет көрсету біздің міндетіміз болып табылады. Сол ардагерлерге құрмет көрсетіліп - Жеңіс күні қарсаныңда Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы С.Ш.Нұрғазиевтың бастамасымен сенбілік жұмыстары жүргізілді: атап өткенде, ауданымыздың «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне Жауынгерлік даңқтық аллеясы ашылды және 70 түп көшеттер отырғызылды, оның ішінде емен ағашы, қарағаш, ақ қайын, жемісті ағаштары бар. Сонымен қатар, ардагерлердің үйін жинау, жеңіл жөңдеу жұмыстары атқарылды, мейрамханада ардагерлердің құрметіне мерекелік дастархан жайылды, концерт беріліп, сыйлықтар тапсырылды. Осы бабаларымыздың ерліктерін бір сәт естен шығармай болашақ ұрпаққа үлгі етіп, еске алып, мәңгілік дәріптеп, насихаттап өту біздің және болашақ ұрпақтың парызы.





























