Date of publication: 21.04.2015 09:32
Date of changing: 21.04.2015 09:33

Қарияларын қадірлеп, құрметтеп, ардагерлеріна рдақтау – халқымызға тән тағылымды қасиет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанның түпкір-түпкірінде ағаұрпақтың еңбегі мен ерлігін ескеріп, оларға қамқорлық көрсету шаралары жүргізіліп жатыр.Сол үрдісті жалғастырған Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы  Текелі қаласындағы 11 Ұлы Отан соғысы ардагерінің бірі Петр Хрокалоның шаңырағына барып қайтты.    

Басқарма басшысы Қанабек Нүрғалиев - «Сіздердей ардагерлерге – от пен оқтың арасында жүрген кешегі Отан қорғаушыларға, еліміздің көркеюіне зор үлес қосып, ерен еңбектерімен соңына өшпес із қалдырған аға ұрпақ өкілдеріне басымызды иеміз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Бала-шағаның ортасында аман-есен жүре беріңіз» деген тілекпен гүл шоғы мен бағалы сыйлығын табыс етті.

Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде қызмет жасайтын кіші қызы Вера Хрокалоның әріптестерінің арасында сыйлы, облыс, аудан көлемінде өз біліктілігімен, жұмысқа деген ынтасы, жауапкершілігімен ерекшеленетіні туралы естіп ақсақалдың біраз көңілі көтеріліп қалды. 

Петр Хрокало 1926 жылы Украинада дүниеге келді. 1938 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданында тұрды. Соғыс басталғанда тек 15 жаста болатын, сондықтан майданға тек 1945 жылы араласып Венгрия, Чехословакия жерін басып өтіп, екінші Украина майданының 203-атқыштар дивизиясында пулеметші болды. Үйіне тек 1950 жылы оралды. Кейіннен жұбайы Анна екеуі Текелі қаласына көшіп келіді. Петр атамыз Текелі қорғасын-мырыш комбинатына орналасып және сол жерде 20 жыл істеп зейнетке 1977 жылы шықты. Істеген еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Петр Хрокало жұбайы екеуі үш қыз тәрбиелеп, олардан 6 немере мен 6 шөбере сүйіп отыр.