
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнінің 70-жылдығы қарсаңында Алматы облысының Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері ардагерлері құттықтауды Қарасай аудандық Ардагерлердің Қоғамдық кеңесінен бастады.
Өкілдерді қоғамның төрағасы Сайлаубек Қасенбайұлы Қыдыралиев пен құрметті төрағасы Исаев Сеитхан Ахметұлы қарсы алып, қоғамның Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-жоспарларымен таныстырды.
Екі жақты келісім негізінде құттықтау үшін жеті ардагердің тізімін ұсынды, соның ішінде:
-97 жастағы - Исаев Сеитхан Ахметұлы, Алматы облысының және Қарасай ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мұғәлімі;
- 99 жастағы - Уразымбетов Қуатбай (2015 жылғы 05-ші мамырда 100 жасқа толады);
- 92 жастағы - Осипов Федор Сергеевич;
- 90 жастағы - Скударнов Михаил Дмитриевич;
- 90 жастағы - Безруков Василий Иванович;
- 89 жастағы - Шафарнаев Александр Ивановичтер,
- 88 жастағы - Бутин Павел Павлович.
Кездесу барысында ардагерлерге азық-түлік қоржыны мен қаржылай көмек табысталды.
Сондай ақ, кездесулер барында, Астана қаласындағы Жеңіс Күнінің 70-жылдығын мерекелік шеруге қатысатын Исаев Сеитхан Ахметұлының сапарын ұйымдастыру жұмыстары қарастырылды.
Ардагерлер кездесулер барысында Ұлы Отан соғысында болған естеліктерімен бөлісе келе, Елімізге тыныштық, бірлік, Елбасына денсаулық тілей отырып, Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына ризашылықтарын білдірді.





























