Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 49-бабында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптары көрсетілген: Мемлекеттік қызметшілер: 1) заңдылық қағидатын басшылыққа алуға; 2) мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге; 3) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға; 4) жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға; 6) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге; 7) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы осы Заңда белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады. Алматы облысы бойынша МКД-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ескентаев
- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region