
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қазан айының жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар тапсырды
2016 жылдың 15 қарашасында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Чек талап ет - жүлде ұтып ал!» және «Акциз тексер-жүлде ұтып ал!» акциялардың жүлдегерлері мен белсенді қатысушыларына бағалы жүлделер тапсырды.
2 қараша күні, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының, «Қайнар-АКБ» ЖШС өкілдерінің қатысуымен чекті кездейсоқ таңдау әдісімен әр акцияның ұш жеңімпазы анықталды. «Чек талап ет-жүлде ұтып ал!» акцияның жүлдегерлері:
Қапшағай қаласының тұрғыны Құрманова Жанар Талғатқызына бас жүлде теливизор тапсырылды. Екінші жүлде Іле ауданының тұрғыны Тайлақов Төлегенге бұйырды, жүлдеге қысқа толқынды пеш тапсырылды, ұшінші жүлдегер, Ақсу ауданының тұрғыны Дюсебаев Мұратжан Дюйсебайұлы мультиварка жеңіп алды.
Белсенді қатысушыларда назардан тыс қалмады, Ескелды ауданының тұрғыны Матыбаев Нұрсағи бір ай ішінде 534 чек жіберіп, жұбату жүлде мультиварка жеңіп алды.
Қазан айында акцияға 400 аса адам қатысып 7000 астам чек жіберді.
Акцияға қатысу ұшін «Wipon» мобилді қосымшаны тегін смартфондар мен басқада гаджеттерге орнатып, чекті сүретке түсіріп осы қосымша арқылы жіберу қажет. Акция ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін жұреді. Бас финал қараша айында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, сол кезде бас жүлде-автокөлік ойнатылады.
«Акцизды тексер-жүлде ұтып ал!» акцияның жүлдегелері:
Суюмбаева Ардақ, Ақсу ауданы, бас жүлде- телевизор тапсырылды. Екінші жүлдені, қысқатолқынды пеш, Талдықорған қаласының тұрғыны Кұзбаев Ерлан жеңіп алды, ұшінші жүлде, мультиварка Олжабаев Нұрланға тапсырылды.
Акция алкогольдік өнімдеріне есептік-бақылау маркаларының болуы мен түпнұсқалылығын анықтау бойынша халықтың мүддесін көтермелеуге бағытталған. Бұл акцияға қатыфсу ұшін, акцияны өткізу кезінде алкогольдік өнімдердің есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалылығын “Wipon” ұялы қосымшасы арқылы сканерлеу арқылы тексерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
«Акцизді тексер-жүлде ұтып ал!» Акциясы ағымдағы жылдың 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өтеді.