Date of publication: 11.11.2016 18:25
Date of changing: 11.11.2016 18:27

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментің Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін барлық мемлекеттік органдардың

мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды (14.11.2016-16.11.2016 қоса есептегенде)

                                                                                                                           

БСН 000340001800, 040200, Үшарал қаласы, Қонаев  көшесі, 68, анықтама телефоны: (872833)2-23-75, факс 2-17-92, электрондық мекен-жайы: Alakol@taxalmaty.mgd.kz, Lzhanbolatova@taxalmaty.mgd.kz

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
          1) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (төменде);

 2) кадр қызметімен расталған қызметтік тізімі талап етіледі.

   Конкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген  тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.     

            Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

            Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

C-R-4 санаты үшін: мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары экономиқалық және құқтық, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының C-R-5, E-R-5  мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-R-4

73 288

99 105

 

1. Құқықтық ұйымдастыру жұмыстары және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы (1 бірлік), С-R-4  санаты, № 06-2-1

Қызметтік міндеттері: Құжаттарды ҚР ТСАЖ (ИНИС РК), "Е-МИНФИН", ақпараттық жүйелерінің көмегімен кабылдап, өңдеуді қамтамасыз ету. Заңды мүдделері мен құқығын қорғауды іске асыру басқармасының құқық түріндегі бұйрық, шешім және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу,электрондық түрде кірістер басқармасына түсетін нормативтік-құқықтық базасын  жаңалауын бақылау. Прокуратураның ұсынысы бойынша уақытында шаралар қолдануды бақылау, кірістер басқармасына келіп түскен салық төлеушілердің қолдау хатын, арызын, хаттарын талдау кезінде бөлім басшыларына тәжірбиелік көмек көрсету, Салықтық заңнаманы бұзу бойынша мәліметтерді дайындап, оларды сот органдарына беру, сот тексерулеріне қатысу, кассациялық  және қадағалау шағымдарына қарсылықтар дайындау, басқармасының талап-арыз жұмысын откізу, сот инстанцияларына шағымдар бойынша заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету салықтық заңнаманы бұзу бойынша мәліметтерді дайындап, оларды сот органдарына беру, «WEB-AП» программасына мәліметтерді уақытылы кіргізіп отыру, Бұқаралық ақпарат құралдарына  Салық Кодексінде өзгеріс енгізуіне байланысты мәліметерді салық төлеуші назарына ұсыну. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім