- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 01.11.2016 15:00
Date of changing: 01.11.2016 15:07
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін төменгі емес жалпы конкурс
жариялайды
БСН 141140000549, 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі,113, анықтама телефоны: (87282)24-34-79, 24-19-17, факс 24-34-79, электрондық мекенжайы: sh.musabaeva@kgd.gov.kz g.beisekbay@kgd.gov.kz
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5,
C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;*
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Мынадай құзіреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі;
Әңгiмелесу өткiзудiң орны: 040000, Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 113 үй.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
C-R-3\ C-О-5 |
83282 |
112431 |
- Талдау және тәуекелдер басқармасы Мемлекеттік кірістерді талдау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, №ТжТБ 2-2-1
Қызметтік міндеттері: Тапсырмалардың орындалу тәртібін бақылау және ұйымдастыру, кіріс түрлері бойынша бюджетке түсетін мемлекеттік кірістің ағымдағы және болашақтағы түсу болжамын дайындау, ақпараттық-талдау және мониторинг жұмысының түрлері мен әдістерін білу. Салықтар мен төлемдерді болжау бойынша жұмыстарға қатысу және үйлестіру. Жиынтық талдамалы материалдарды болжау нәтижелері бойынша құрастыру. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Экономикалық және құқықтық жоғары білім
- Камералдық бақылау басқармасының № 2 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, №КББ 2-2-1
Қызметтік міндеттері: Аумақтық басқармалардың салық есептілігін қабылдау және өндеу жұмысын қадағалау. Аумақтық басқармаларға ақпараттық жүйелерімен жұмыс жөнінде әдістемелік көмек көрсету. Басқарма құзыры шегінде аумақтық салық басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыс жағдайын тексерулерге қатысу; салық есептілігінің нысандары мен камералдық бақылауларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Камералдық бақылаулар нәтижелерін өңдеу бойынша жинақтау және талдау. Салық заңнамасы және салық есептілігі нысандары мәселелері бойынша нұсқамалық материалдарды оқып-үйрену және қолдану бойынша аумақтық салық органдарына практикалық көмек көрсету. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар Жоғары экономикалық, құқықтық, кеден ісі білімі
- Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне 14.02.2018 ж), С-О-5 санаты, №АТБ 1-2-1
Қызметтік міндеттері: Word, Excel, E- mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс.Ақпараттық жүйелерге бағдарламаларды енгізу, қолдану және қамтамасыз ету. Аумақтық басқармаларының қызметкерлерін ақпараттық жүйені пайдаланушы ретінде оқытуды ұйымдастыру. Салық есептілігі нысандарын ҚР ТАСЖ (ИНИС РК), СЕӨЖ (СОНО), ОБЖШ АЖ (ЦУЛС) ақпараттық жүйелерді енгізу мен қолдануды бақылау. ҚР ТАСЖ (ИНИС РК) жүйесін енгізу мен қолдануды бақылау. Электронды пошта және электронды пошта жүйесіне әкімшілік жүргізуді бақылау. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жергілікті компьютерлік байланыс жүйесінің және есептеуіш техникасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Департамент пен аумақтық басқармаларының сервер жұмысын бақылау. Бағдарлама құра білу, есептеу құралдары мен оргтехникаға қызмет көрсету. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшынның техникалық тілін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, техникалық жоғары білімі.
4. Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, №1-2-2
Қызметтік міндеттері: Word, Excel, E- mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс.Ақпараттық жүйелерге бағдарламаларды енгізу, қолдану және қамтамасыз ету. Аумақтық басқармаларының қызметкерлерін ақпараттық жүйені пайдаланушы ретінде оқытуды ұйымдастыру. Салық есептілігі нысандарын ҚР ТАСЖ (ИНИС РК), СЕӨЖ (СОНО), ОБЖШ АЖ (ЦУЛС) ақпараттық жүйелерді енгізу мен қолдануды бақылау. ҚР ТАСЖ (ИНИС РК) жүйесін енгізу мен қолдануды бақылау. Электронды пошта және электронды пошта жүйесіне әкімшілік жүргізуді бақылау. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жергілікті компьютерлік байланыс жүйесінің және есептеуіш техникасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Департамент пен аумақтық басқармаларының сервер жұмысын бақылау. Бағдарлама құра білу, есептеу құралдары мен оргтехникаға қызмет көрсету. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу. Ағылшынның техникалық тілін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, техникалық жоғары білімі.
5.Борыштармен жұмыс басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек демалысы уақытына 2017 жылдың 02-желтоқсанына дейін) С-О-5 санаты, № БЖБ 1-2-3
Қызметтік міндеттері: Аумақтық мемлекеттік кіріс басқармаларының мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің қолдануына және салық берешегін, МЗЖ және МӘСҚ-на МӘА бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын толық және уақытысында қолдануына бақылау жасау. ҚР ҚМ МКК және басқа мемлекеттік органдарға жолданатын мәлметтерді және есептерді дайындау. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілердің өтініштерін қарау. Салық заңдылықтарын және басқа да, ҚР заңдылықтарын жақсарту бойынша өзгерту немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар беру. Аумақтық басқармаларда тақырыптық тексеру жүргізу; тәжірибиелік көмек көрсету үшін,анықталған жерге шығу. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.
6.Аудит басқармасының пост-кедендік бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, № АБ 6-2-3
Қызметтік міндеттері: Кедендік тексерулер жүргізу. Кіргізілген, шығарылған товарды тексеру. Құжаттық, рейдтік, хронометраждық тексерулер. Ақпараттарды жинақтау, баяндама, хаттарға шолу жасау.2Н-есептілігін қабылдау, салықтық тексерулердің сапасын бақылау, кезектен тыс салықтық тексерулердің қорытындысын талдау. Салық заңдылықтарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар ұсынады және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңға сәйкес салық заңдылықтарын насихаттау. Компьютерде жұмыс істей білу. Іскерлік деңгейде мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық, құқықтық білім.
* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________ _______________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____» _______________ 20__ ж.