
Салық дегеніміз не ?
Мемлекеттік кірістер органдарының басты бағытының бірі- мектептен бастап салық мәдениетін қалыптастыру, себебі бүгінгі оқұшылар-ертеңгі салық төлеушілер.
Осыны ескере отырып, ағымдағы жылдың 19-24 қазанында Текелі қаласының № 4, 5 және 8 орта мектептерінде «Салық дегеніміз не?» тақырыбында Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармсының жетекші маманы Құрманғалиев Жансерік Алпысбайұлы танымдылық сабақтарын өткізді.
Сабақ барысында ертедегі қазақ еліндегі ұсталынатын алымдардан бастап, қазіргі заманғы салық түрлеріне дейін шолу жасалынды.
9-11 сыныптардың қатысуымен өткен сабақтарда, оқушылар белсенділігімен көзге түсіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.