Date of publication: 27.07.2022 18:29
Date of changing: 27.07.2022 18:31

Алматы облысы бойынша МКД 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өтті

 

2022 жылғы 27 шілдеде Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде департамент басшысы Т.Козбековтың төрағалығымен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша алқа мәжілісі өткізілді. Бейне-конференц байланыс форматында өткізілген алқа жұмысына аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты.

Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының қорытындысы шығарылды, сондай-ақ міндеттер анықталды және үшінші тоқсанға тапсырмалар берілді.

2022  жылдың  01 шілдесіне  мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспар  422 764 млн.теңге болса, түсім 442 302  млн.теңгеге түсіп, жоспар  104,6%  пайызға орындалды, жоспардан  тыс  19 537  млн.теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 91 946 млн.теңгеге артып, өсу қарқыны  126,2 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік бюджетке 12 944 төлеушіден  14 086,3  млн.теңгеге қосымша резервтер  келесі салықтардан іздестірілді:

-   қосылған құн салығынан  6 305,4 млн. теңге;

-   кедендік төлемдер мен салықтардан 4 719,7 млн.теңге;

-   корпоративтік табыс салығынан  1 567,5 млн.теңге;

-   жеке табыс салығынан  389,4 млн.теңге;

-   заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салығынан  156,4 млн.теңге;

-   әлеуметтік салығынан  63,8 млн.теңге;

айыппұл бойынша 43,1 млн.теңге;

-   басқасы  841,0 млн.теңге.

Алқа мәжілісінің бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бюджетке салық және кеден түсімдерінің жоспарын орындау, сондай-ақ қосымша резервтерді іздестіруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру тапсырма берілді.