Date of publication: 28.06.2022 15:08
Date of changing: 28.06.2022 15:10

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Д. Қозбеков БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

 

28.06.2022 жылы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Д. Қозбеков БАҚ өкілдерін Қазақстан журналистерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын, сондықтан да біз телеарналар мен радио, мерзімді баспасөз басылымдарының қызметкерлерін, жалпы алғанда, біздің әлемімізді ақпаратпен байытып отырған барлық  БАҚ-ның өкілдерін құрмет тұтамыз» - деді департаментінің басшысы Т. Д. Қозбеков.

Департамент басшысы БАҚ қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдіріп, шығармашылық шабыт пен жаңа бастамалар тіледі, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етті.