
Алматы облысы бойынша МКД басшысының Талғар ауданына жұмыс сапары
20.05.2022 жылы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Қозбеков Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жұмыс сапарымен барды.
Департамент басшысы басқарма жұмысымен танысты. Талғар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді, онда басқарманың 2022 жылғы 4 айдағы қызметінің қорытындылары және 2022 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған болжамның күтілетін орындалуы талқыланды.
Департамент басшысы Т.Қозбеков 2022 жылдың 2 тоқсанының аяғына дейін жоспарлы көрсеткіштерді орындау мақсатында нақты тапсырмалар берілді.