Date of publication: 23.05.2022 10:42
Date of changing: 23.05.2022 10:44

Алматы облысы бойынша МКД басшысының Еңбекшіқазақ ауданына жұмыс сапары

 

20.05.2022 жылы Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Қозбеков Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жұмыс сапарымен барды.

Департамент басшысы аудан басқармсының жұмысымен танысты. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізді, онда басқарманың 2022 жылғы 4 айдағы қызметінің қорытындылары және 2022 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған болжамның күтілетін орындалуы талқыланды.

Департамент басшысы  Т.Қозбеков  2022 жылдың  2 тоқсанының аяғына дейін жоспарлы көрсеткіштерді орындау мақсатында нақты тапсырмалар берілді.