Date of publication: 18.05.2022 16:16
Date of changing: 18.05.2022 16:18

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын ұсынды

 

18 мамыр 2022 ж.

Жергілікті бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы            Т.Д. Қозбеков Алматы облысы әкімдігінде өткен кеңесте уәкілетті және мемлекеттік органдар арасындағы   2022-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын таныстырды.

2022-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар Жоспарында Мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды әкімшілендіруге, бөлінген субсидиялар бойынша салықтарды өндіріп алуға, еңбекші көшіп келушілерді заңдастыруға, халықтың бейресми жұмыспен қамтылуын анықтау бойынша нақты шаралар көзделген. Сондай-ақ инвестициялық жобалар бойынша, жаңадан пайдалануға берілген объектілер, жарнама объектілері және басқа да бағыттар бойынша салық түсімдерін бақылау.

Баяндаманы қорытындылай келе, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.Д. Қозбеков 2022-2023 жылдарға арналған осы іс-шаралар жоспарын қабылдау ағымдағы жылы 13,5 млрд теңге, ал 2023 жылы жергілікті бюджетке 15,5 млрд теңге қосымша түсім алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.