
Кедендік шекараның қазақстандық учаскесіндегі ірі инфрақұрылымдық жоба
ЕАЭО кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жобасы шеңберінде Алматы облысы бойынша МКД "Достық автомобиль" жаңа автомобиль өткізу пунктін ("Алакөл" кеден бекеті) салу жоспарлануда.
Алматы облысының әкімі Қ.А. Бозымбаев және Алматы облысы бойынша МКД басшысы Т. Д. Қозбеков жаңа өткізу пунктінің жобасымен танысты. Автомобиль өткізу пунктінің өткізу қабілеті тәулігіне 2500 адамды және 1500 жүк автокөлік құралын құрайды.