Date of publication: 04.05.2022 18:23
Date of changing: 04.05.2022 18:24

Е-Salyk Azamat мобильді қосымшасы қандай мүмкіндіктер ұсынады?

 E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы ҚР ҚМ МКК-нің келесі ақпараты мен қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1) Салық әмияны;
2) Электрондық сервистер:
•Салық төлеушіні іздеу;
•ЖТ және ЖК берешектерін және алдағы төлемдерін төлеу сервисі;
•Салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы мәліметтер;
•Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу;
•Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер.
3) ҚР ҚМ МКК-не өтініштерді жіберу үшін шағымдардың электрондық кітабы;
4) салық күнтізбесі, жақын арадағы кезеңге арналған оқиғаларды қарау үшін немесе жыл бойындағы оқиғалар кестесін қарау үшін.