Date of publication: 28.04.2022 15:55
Date of changing: 28.04.2022 15:56

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тас көмірді қадағалау жөніндегі пилоттық жоба

 

          Мемлекеттік кірістер комитетінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және тас көмірді бақылау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Қатысушылар ЭШФ АЖ жүйесіндегі электрондық шот-фактураны жазып беруі тиіс.

Инфляцияның өсуіне, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің
2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 «Электрондық
шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында бақыланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бекітілді.  Жаңа қағидалар 2022 жылғы 29 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы бұйрықпен 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін тізбеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен көмірді өткізу кезінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру бойынша салық төлеушілердің міндетін енгізу бөлігінде пилоттық жобасын іске асыру көзделеді.

Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген тауарларды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру кезінде жеке тұлғаларға (жеке тұтыну үшін) ЭШФ жазып беру талап етілмейді.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне (2010 жылғы  1 наурыздағы №145 ҚР ҮҚ) мыналар жатады:

  • бірінші сортты бидай ұны;
  • бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) ;
  • рожки (өлшеніп салынатын);
  • қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын);
  • тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
  • картоп, асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат;
  • ақ қант – құмшекер;
  • күнбағыс майы;
  • сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
  • тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
  • пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;
  • майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;
  • сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
  • тауық жұмыртқасы (I санатты);
  • аc тұзы ("Экстра" -дан басқа);
  • сүзбе: майлылығы 5-9%