Date of publication: 27.04.2022 10:13
Date of changing: 27.04.2022 10:14

Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын елден әкетуге тыйым салынды

 

Ағымдағы жылғы 6 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын сыртқа әкетуге тыйым салынады.
Бұл шектеу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 6 мамырдан бастап күшіне енетін «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 224 бұйрығымен белгіленген (бұйрыққа сілтеме http://zan.gov.kz/client/#!/doc/166859/rus).
«Бұл ретте, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататынын хабарлаймыз».