Date of publication: 20.09.2016 16:40
Date of changing: 20.09.2016 16:41

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі Алматы облысы Іле ауданының әкімшілігінде "мемлекеттік сату және сатып алу саласындағы маңызды мәселелер" тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға бизнес қауымдастықтың өкілдері мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері және Іле аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілі қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Экономикалық тергеу қызметінің әзірленген ақпараттық буклеттер таратылып жедел іс-шараларының бейне роликтері көрсетілді.

Іс-шараның мақсаты Алматы облысы МКД-мен кәсіпкерлік субъектілерінің қарым қатынасын нығайту және мемлекеттік сату және сатып алу саласында орын алып жатқан мәселелерді көтеру болып табылады.

Кездесу барсында басқарма және бөлім басшылары Департаментпен қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат пен таныстырды.