Date of publication: 17.03.2022 09:34
Date of changing: 17.03.2022 09:35

@SalyqBot сандық салық кеңесшісі

 

          @SalyqBot – сандық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген, өте пайдалы  мына функциялары бар:

          - пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;

          - салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;

          - қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;

          - жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;

          - пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;

          - заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.

          Чат-боттың МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.

          Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде байланыстарды барынша азайту, яғни,  Мемлекеттік кірістер органдарына баруды болдырмау, уақытты үнемдеу және мәліметтер алу сапасын жақсарту және оны дамыту үшін @SalyqBot сандық салық кеңесшісіне жазылыңыз және оны тиімді қолданыңыз.